Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізер өзгеріс көп – вице-министр

Зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізер өзгеріс көп – вице-министр

BAQ.KZ. Бұдан былай учаскелік полиция қызметкері тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі анықталған кезде уәкілетті органдарға әлеуметтік және басқа шаралар қабылдау туралы хабарлау арқылы проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсетуге міндетті болады.

Мұндай норма енгізілетіні туралы бүгінгі Әділет министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.

Полиция қолданатын қорғаныс тетіктерін ұлғайту үшін қорғаныс тапсырысының ұзақтығын 30 күннен 90 күнге дейін ұзарту ұсынылады.

Осы 90 күн ішінде зорлық-зомбылық пен агрессивті мінез-құлықты өзгерту мақсатында үй агрессоры психологиялық түзету бағдарламасынан өтуге шақырылады.

Депутаттар әзірлеген Заң жобасы отбасылық-тұрмыстық жағдайды жақсарту, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықты және қылмыстың алдын-алу, профилактикалық шаралар қолдану, отбасылық тұрмыстық жағдайда орын алған қылмыстарды азайту үшін әзірленді. Әлі ұсыныстар мен енгізілер өзгерістер көп. Қазір талқылаулар жүргізіліп жатыр. Ертең Мәжілісте қаралғанда Ішкі істер министрлігі де өзінің нақты ұсыныстарын енгізеді. Әкімшілік жаза қолданылатыны анық. Енді біз қылмыстық жазаны күшейту үшін Қылмыстық кодекске енгізіліп отырған толықтырулар бар, - деді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов.

Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, мемлекеттік органдар мен депутаттардың және үкіметтік емес ұйымдардың пікірі, талаптары мен ұсыныстары назарға алынып, заң жобасына енгізілетін болады.

Бұдан басқа кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі үшін тиімді шараларды қамтамасыз ету үшін кәмелетке толмағандарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шараларын ұйымдастырудың арнайы тәртібі ұсынылады.

Еске салсақ, Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова елдегі зорлық-зомбылықпен күресудің қолданыстағы әдістері тиімсіз екенін айтты.
20 желтоқсан 2019 ж. 551 0