Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әлем аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды

"Әлем аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды

"Әлем аруы-2019" сұлулық байқауында Оңтүстік Африка Республикасының намысын қорғаған 26 жастағы Зозибини Тунци жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зозибини "Әлем аруы" байқауында ОАР-ның атынан өнер көрсетіп, жеңісті иеленген үшінші бойжеткен екен. Бикеш гендерлік бөлінушілік пен стереотиптерге қарсы шығып жүрген белсенділердің бірі көрінеді.

Марапаттау салтанаты АҚШ-тың Джорджия штатындағы Атланта қаласында болыпты. Әлемнің ең сұлу ару лауазымын иеленуге дүние жүзі мемлекеттерінен 90 бойжеткен қатысыпты.

Екінші орынды Пуэрто-Рико елінен шыққан 24 жастағы Мэдисон Андерсон иеленсе, Мексиканың намысын қорғаған 25 жастағы София Арагон үшінші орынға табан тірепті.

Еліміздің атынан Альфия Ерсайын байқауға түскен. Алфия 2017 жылы "Қазақстан аруы" атағын алған.

Ал 2018 жылы "Әлем аруы" байқауында 24 жастағы филиппиндік бойжеткен Катриона Грэй жеңіске жетіпті. Катриона Филиппин мемлекетінің атынан шығыпқа жүлделі орынға ие болған төртінші бикеш көрінеді.
09 желтоқсан 2019 ж. 1 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30