Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өлең-жырды серік еткен

Өлең-жырды серік еткен

Өткен аптада аудандық орталық кітапханада өршіл ақындығымен, батырлығымен, күйшілігімен халықтың ұлы тұлғасына айналған ­Махамбет бабамыздың 215 жылдығы аталып өтті. Елдік үшін ерлік жасаған ердің есімін келешек ұрпақ есінен шығармау үшін ұлы тұлғаны бүгінгі ұрпаққа ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шара барысында Махамбеттің өлең-жырлары оқылып, өмірінен қойылымдар қойылды.
Ы.Жақаев атындағы №244 мектеп оқушылары ­Махамбет бабамыздың өлең-жырларынан көріністер қойып, ақынға арнаған өлең шумақтарын тарту етті. М.Өтемісұлын ұлықтауға бағытталған кештің әсерлі өтуіне аталған мектептің кітапханашысы Рахима Фазылованың да еңбегі зор. Шараны кітапханашы ­­­­­Г­үлзира Палымбетова­ жүргізді. Рух іздеп келген өнер сүйер қауымға серпіліс сыйлаған оқушыларға көрермендер де өз алғыстарын білдірді. Шара соңында белсенді қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табысталды.

Азамат Жапбарбергенов
23 қараша 2019 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031