Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастармен жүздесу

Жастармен жүздесу

Адам баласының адуыны қатты, екпіні күшті, тау суындай қуаты арқырап, алмас қылыштай жарқырайтын кезеңі – жастық дәурен. Қай мемлекетті алсаңыз да, оның ең белсенді бөлігі һәм қозғаушы күші де – жас ұрпақ. Жастар кез келген жаңалықты тез қабылдап, қорыта алады Әрі нәтиже шығара біледі.
Ал оларға жол көрсетіп, бағыт-бағдар беретін аға буын өкілдері. Осы орайда аудандық жастар ресурстық орталығы «Тұлғатану» жобасын қолға алған болатын. Аталған жоба аясында аудан жастары жетістікке жетіп, белес бағындырған жандармен жүздесуде.
Осындай келелі кездесудің бір парасы бейсенбі күні №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясында өтті. 9-10 сынып оқушылары ауданның төл басылымының 80 жылдығына орай «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Нұрболат Пірімбетпен кездесті.
Санаулы уақыттан кейін білімдері таразыланып, студент атанатын оқушылар Н.Сәдуақасұлына сан салалы сауал жолдады. Әсіресе, мамандық таңдаудың артықшылығы мен журналистика саласының қыр-сырын білгісі келді. Сонымен қатар заман талабына сай келетін мамандықтарға да қызығушылық танытты. Бас редактор шара барысында шығармашылыққа қабілеті бар оқушыларды газетпен етене араласуға шақырды.
Жиын соңында жастар ресурстық орталығының директоры Шахмардан Нығметов Нұрболат Сәдуақасұлына ыстық ықыласын білдіріп, алғыс хат табыстады. Жастармен жүздесу шарасы естелік суретке түсумен аяқталды.

Ақпараттарды әзірлеген М.ҚҰРМАНҒАЛИ
23 қараша 2019 ж. 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031