Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өтірік өлең

Өтірік өлең

Заман басқа болғасын,
Өлеңім де өтірік.
Нанбасаңыз тыңдаңыз,
Айтам аузым көпіріп.

Базарға барып ертемен,
Адам таппай қиналдым.
Оларға бүгін демалыс,
Дегесін үйге жиналдым.

Наннан бастап барлық зат,
Арзандап тіпті кетіпті.
Жүз мың деп тұрған қызыма,
Бес мыңға алдым етікті.

Сиыр еті екі жүзден,
Пышақ үсті өтіпті.
Кедей байғұс расында,
Арманына жетіпті.

Ал картобың он теңгеден,
Шашылып жатыр, шашылып.
Алманы да ешкім алмай,
Аяқ асты басылып.

Көшелерге қоймайды екен,
Ендігәрі адам атын.
Бермейді енді Шиелінің
«Құрметті азаматын».

Көпбалалы аналарға,
Үш жүз мыңнан таратты.
Депутаттар мәжілісте,
Дұрыс деп мұны санапты.

Түйеменен жарты сағат,
Түркістанға барып келдім.
Ауылға бос қайтпайын деп,
Төрт тонна жүк алып келдім.

Қазақ халқы миллиард болып,
Танымай қапты бір-бірін.
Өтірігім шындық болғай,
Тілеймін елдің бірлігін.

Өркен ИСМАИЛ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі
12 қараша 2019 ж. 1 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930