Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз-өзіңді бағалай біл

Өз-өзіңді бағалай біл

Сабақтан алған нашар баға, сыныптастардың теріс көзқарасы жаныңызға қаяу түсірері анық. Бәрінің алдында кінәні мойындаған дұрыс. Бірақ, тауыңыз шағылмауы тиіс. Бәріне салқынқандылықпен қарап, "оң жақпен" ойланған дұрыс. 1. Бұрындары қалай оқығаныңызды еске түсіңіріңіз. Жаңа тақырыпты үйрене бастаған кезде, бар назарыңыз бен зейініңізді сол мәтінге аударып, ойыңызды жинақтауыңыз тиіс. Әйтпесе қатардан қалып қойып, тақырыпқа ілесе алмай қалуыңыз мүмкін. Егер сізде "осыны үйрене алмаймын-ау" деген қорқыныш туса, оның дендеп кетуіне жол бермеңіз. Абстрактілі қорқынышты жеңіңіз. Сол үшін өз-өзіңізге деген сеніміңіз мықты болуы шарт. 2. Кейінге шегерген дүниелерді бітіруге тырысыңыз. Кеше үйге берілген тапсырмалардың біреуін орындамай қалдыңыз делік. Келесі күні үй тапсырмасын өзге тапсырмалармен бірге орындаңыз. Басқа оқушылардан көшіріп алу деген болмайды. "Менің қабілетім мен зейінімнің шамасы оған жетеді, өзгелер орындағанды мен де орындай аламын, тіпті асып түсемін" деп өзіңізді қайраңыз. Өз-өзіңізге күш беріңіз! 3. Өз жетістіктеріңізге қуана біліңіз. Бұл мастанып қалыңыз деген сөз емес. Кей адамдар өздерін мақтағанды аса ұнатпайды, бірақ өз ішіңізден өз-өзіңізге мақтау білдіріңіз. "Бұдан да зорына қол жеткіз!" деп, қолдау білдіріңіз! Ескерту! Ешқашан салыңыз суға кетпесін! Сіз ертең елдің тұтқасын ұстар азамат атанасыз! "Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін"! Бұл сіздің дәруменіңізге айналуы тиіс!

09 қараша 2019 ж. 838 0