Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада браконьерлердің ізіне түскен инспектор қаза тапты

Қызылордада браконьерлердің ізіне түскен инспектор қаза тапты

BAQ.KZ. Қызылорда облысында 25 қазан күні түнде браконьерлердің ізіне түскен "Охотзоопром" инспекторы жол-көлік апатынан қаза тапты.

"Инспекторлар түнде далада прожектор қолданған автомашинаның кетіп бара жатқанын көрген. Ізіне түсе бастағанда олар қашқан. Қуған кезде инспекторлар машинасы аударылған. Осылайша инспекторымыздың бірі жарақат алып, қаза тапты", - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Айтуар Туғанбеков.

Оның сөзінше, браконьерлер инспекторларға оқ атпаған.

"Олар сол жерде ұсталды. Ол жерде экі экипажымыз жүрді. Ұсталғандар жергілікті тұрғындар. Қолдарында мылтық пен заңсыз атып алынған жануарлар болған", - деді Туғанбеков.

Басқарма басшысы министрлік атынан қаза тапқан инспектордың отбасына көңіл айтты. Оның айтуынша, инспектордың отбасына 7,8 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген. Тергеу ісі аяқталған соң отбасына 4 миллион теңгеден астам сомада сақтандыру төлемі беріледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, инспекторларға өзін қорғау мақсатында қару пайдалану құқығы берілмек. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол жыл басынан бері 7 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталғанын айтты.
28 қазан 2019 ж. 733 0