Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біртанов жарақат алған қорықшыға қатысты пікір білдірді

Біртанов жарақат алған қорықшыға қатысты пікір білдірді


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Браконьерлердің қолынан жарақаттанған "Охотзоопром" инспекторы Көкшетаудағы ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов айтты.

"Жарақат алған инспектордың жағдайы бірінші сағаттан бастап менің бақылауымда. Бас дәрігер күн сайын оның денсаулық жағдайы туралы маған хабарлап тұрады. Бүгінгі таңда оның жағдайы орташа және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол Көкшетаудағы қалалық ауруханада толық ем алып жатыр", - деді Елжан Біртанов.

Бұған дейін хабарлағандай, Ақмола облысы Жарқайың ауданын барлау кезінде "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасалды. Браконьерлер инспекторларға оқ атып, салдарынан біреуі қаза болды, екіншісі ауыр жарақат алды. Қаза тапқан қорықшының артында төрт баласы қалды. 

Бүгінде қорықшыларға оқ атқан браконьерлер қамауға алынған. 
25 шілде 2019 ж. 954 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 39

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930