Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыр жинағы жарық көрді

Жыр жинағы жарық көрді

Қазақ халқы дәстүрлі өнерді әрқашан кие тұтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Содан болса керек, халық өнері сан жылдар өтсе де сыны кетпей, атадан балаға мирас болып келеді. Сонымен қатар қос ішекті қасиетті домбыраны жанына серік етіп, сырлы мақаммен халықтың жыр жәдігеріне айналған өнерпаздар да ел есінде. Әсіресе, дәстүрлі жыр керуенінің көш басында тұрған Маханбетқали Тұрсанов жұрт жадынан жоғалмақ емес. Сөз додасында ешкімге дес бермейтін дуалы ауыз шайырдың жырлары келешек ұрпақтың тарихты танып, тағылым алуына өз септігін тигізуде. Әлі де тигізе беретіні шүбәсіз.
Себебі, 13 қазан күні қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ойып тұрып орын алатын «Сырдың бас ақыны» кітабы жарық көріп, қалың оқырманға тарту етілді. Онда Маханбетқали Тұрсановтың бірнеше жырлары жинақталған. Қағазға басылған дүние оқыған жанның жадында жаңғырып тұратыны әу бастан белгілі емес пе? Енді міне, жыр жинақты қолына алған оқырман ұлттық өнерді өн бойына дарытып, одан тағылымы мол тәлім алатынына сенімдіміз.

Фариза КЕНЖЕШОВА
15 қазан 2019 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930