Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпақ тәрбиесі – ортақ іс

Ұрпақ тәрбиесі – ортақ іс


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында білім беру сапасын жақсартуға қатысты мәселеге айрықша тоқталды.
Сондықтан жан-жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтызар, өмірдің қилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу – ең басты өзекті мәселе.
Рухани-азаматтық тәрбие сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға өскен сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Осыған байланысты оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу қажет.
Тәрбиенің жалпы негізі рухани-азаматтық құндылықтары болуы керек. Бұл үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал мұғалімнің басты мақсаты – өзіндік рухани-азаматтық құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды рухани-адамгершілікке, азаматтық жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, рухани адамгершілік әдетке, азаматтық мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағатын имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады. Осы бағытта жұмыс жасағандығымызды мақтаныш сезімімен айта аламын.

Гүлсара Қарсақбаева,
№46 мектеп-лицейінінің мұғалімі
28 қыркүйек 2019 ж. 895 0