Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім – бәсекеге қабілетті болудың бастауы

Білім – бәсекеге қабілетті болудың бастауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында білім беру сапасын жақсартуға қатысты мәселеге айрықша тоқталды. Еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесінің әлі күнге дейін әзірленбегенін сынға алды. Мемлекет басшысы мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалғандығын, жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмайтынын атап өтті. Тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов кәсіби бағдар беру жұмысын 11 сыныптан ерте бастауды ұсынған болатын. Білім саласындағы күрделі мәселенің бірі – қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтығы. «Мұғалім – мектептің жүрегі» дейтін болсақ, ұстаздардың біліктілігі оқу ордасының деңгейін айқындайды. Шалғай ауыл мектептеріндегі кадр тапшылығы бұл мәселені күрделендіре түсуде. Осыған орай ел Президенті «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруды тапсырды. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді міндеттегені педагогтарды қуантты. Жас мамандарға жасалған жағдай – ел болашағына құйылған инвестиция деп білемін. Сондай-ақ Президент Қ.Тоқаев дарынды ауыл жастарына да ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Оларды ішінара іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау – кемел келешектің алтын кілті. Қазіргі кезеңде елімізде білім алуға барлық жағдай баршаға ортақ әрі қолжетімді дәрежеде екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Білім жүйесіндегі қалыптасқан жүйеге сәйкес, кез келген адам оқуға түсуге немесе екінші жоғарғы білім алуға, кәсіби біліктілігін шыңдауға толық мүмкіндігі бар. Бұл – білім саласына мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қамқорлықтың нәтижесі. Өйткені, тек білімді адам ғана қоғамды алға сүйреп, елдің дамуына нақты үлес қосатыны белгілі.

Мұрат МҰСАЕВ,
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің мұғалімі
17 қыркүйек 2019 ж. 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930