Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Jastar alany 2019» республикалық турнирі басталды

«Jastar alany 2019» республикалық турнирі басталды

Бұл жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» КЕАҚ бірлесіп іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты жастар жылы аясында Қазақстандағы дебат қозғалысын жандандыру және дебат федерациясын құру.
«Қазақ баяғыдан сөзді құрметтеген халықпыз ғой, сондықтан да дебат осы біздің жастарға сөзді түсінуді, сөзді жеткізуді және ойлау арнасын кеңейтуді, кез-келген жағдайға өзіндік сараптамасын беруді үйретеді деп ойлаймыз»- деп атап өтті Дәулет Кәрібек.
Турнирдің ерекшелігі, атақты блогерлер, вайнерлер, журналистер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен жұлдызды ойының «Stars Game» өткізілуі.
Сонымен қатар, жоба аясында турнир қатысушылары мен төрешілері үшін семинар, оқыту тренингі өткізілді. Оның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға пікірталас бойынша тренинг өткізу үшін жаттықтырушылармен төрешілердің сертификаттары берілді. Қазан айында дебатерлерге арналған сайтпен мобильді қосымшаның тұсаукесері өтеді. Тайм-киперлерді алмастыруға арналған мобильді қосымшаның қазіргі таңда Қазақстанда баламасы жоқ.
 
24 қыркүйек 2019 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031