Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Келіні енесін балғамен ұрып өлтірді

Келіні енесін балғамен ұрып өлтірді

Келіні енесін балғамен ұрып өлтірген деп күдікті ретінде құрықталды. Қанды оқиға Түркістан облысы, Созақ ауданында болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. 16 қыркүйек күні ер адам Созақ аудандық полиция бөліміне хабарласып көрші үйдің асханасында үй иесінің мәйіті жатқанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары аталған жәйтті ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тіркеген. Ауыр қылмыс туралы аудандық полицияның кезекші бөлімі Түркістан облыстық полиция департаментіне хабарлаған.
"Тәжірибелік көмек беру мақсатында Созақ аудандық полиция бөліміне облыстық департаменттің кәсіби жедел уәкілдерінен құралған арнайы топ келді. Мәйітті қарау кезінде Криминалистер жәбірленушінің өлімі бастың аумағына ауыр затпен соққы беруінің нәтижесінде болғанын айқындады,"- дейді Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде бір тәулік ішінде полицейлер күдіктіні анықтап қолға түсірген. Күдікті көрші ауылда тұратын марқұм әйелдің туған келіні боп шыққан. "Жедел уәкілдер күдіктіні өзінің үйінен яғни отбасымен тұратын мекен-жайдан ұстады. Күдікті әйел қамауда. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Айғақты зат ретінде балға тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,"- дейді Салтанат Қаракөзова. Қазір сараптама тағайындалған. Тергеушілер келінінің енесін ұрып өлтіру себебін және оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.
19 қыркүйек 2019 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031