Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам өлтірген павлодарлық азамат Ресейде қолға түсті

Адам өлтірген павлодарлық азамат Ресейде қолға түсті

Ðдам өлÑÑÑген павлодаÑлÑÒ Ð°Ð·Ð°Ð¼Ð°Ñ Ð ÐµÑейде ÒолÒа ÑÒ¯ÑÑÑ
Тергеу мәліметтері бойынша Успен ауданының тұрғыны ашық далада танысына бірнеше рет оқ атып, бой тасалап жүрген, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Павлодарлық полицейлер ресейлік әріптестерімен бірлесе осы іске қатысы бар күдікті ер азаматты құрықтады. «Полицейлер адам өлтірген деген күдіктінің қай жерде жүргенін анықтады, - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.- Ер адам Ресей Федерациясы аумағында бой тасалап жүрген және сол жерде ұсталды. Күдіктіні анықтап, оның жүрген жерін табу үшін полицейлерге бір апта уақыт кетті».

Аталған факт бойынша ҚР ҚК «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдың шілдесінде күдікті тұлға Қазақстанға экстрадицияланды.

Айта кетейік, жыл басынан бері павлодарлық полицейлер 90 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 34 адамды тапты.

24.kz
05 тамыз 2019 ж. 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (9324)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031