2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицейлер бүгіннен бастап ала таяқтарын қайта қолдарына алды

Полицейлер бүгіннен бастап ала таяқтарын қайта қолдарына алды

Полицейлер бүгіннен бастап ала таяқтарын қайта қолдана бастайды. Министрлік ала таяқты қайтару бюджеттен қаржы талап етпейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйектен бастап жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқты қолдануға көшеді", - делінген хабарламада.

Ала таяқ тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында қолданылады. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы мен кептеліс кезінде, бағдаршам істен шыққан жағдайда, көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру кезінде, терроризмге қарсы операция немесе күзет іс-шараларын өткізу кезінде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және жою кезінде көліктерді бағыттау үшін пайдаланылады.

Бұдан блыай жол полициясы үстіне сары түсті кеудеше, қолына қолғап киіп, ала таяқ және ысқырықпен белгі береді.

Ведомстводан атап өткендей, бүгінде жолдағы патрульдік полиция жұмысы толығымен автопатрульдеуге ауыстырылған.

"Көліктерді тоқтату арнайы жарық-дыбыс сигналдарын және дауыс зорайтқыш құрылғыларды пайдалана отырып, ала таяқты қолданбай, сигнал беру арқылы автопатрульдеу режимінде жүзеге асырылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
02 қыркүйек 2019 ж. 899 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930