Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Министрлік полицейлерге ала таяқты қайтарып берді

Министрлік полицейлерге ала таяқты қайтарып берді


ІІМ ақпаратынша, ала таяқты қайтару бюджеттен қаржы талап етпейді, себебі бұрынғылары сақталған
Қазақстан полицейлері бүгіннен бастап жолда ала таяқты қолдана бастайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйектен бастап жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқты қолдануға көшеді", - делінген хабарламада.
Ала таяқ тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында қолданылады. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы мен кептеліс кезінде, бағдаршам істен шыққан жағдайда, көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру кезінде, терроризмге қарсы операция немесе күзет іс-шараларын өткізу кезінде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және жою кезінде көліктерді бағыттау үшін пайдаланылады.
Енді жол сақшылары үстіне сары түсті кеудеше, қолына жарық шағылыстырғыш қолғап киіп, ала таяқ және ысқырықпен белгі береді.
Ведомстводан атап өткендей, бүгінде жолдағы патрульдік полиция жұмысы толығымен автопатрульдеуге ауыстырылған.
"Көліктерді тоқтату арнайы жарық-дыбыс сигналдарын және дауыс зорайтқыш құрылғыларды пайдалана отырып, ала таяқты қолданбай, сигнал беру арқылы автопатрульдеу режимінде жүзеге асырылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Министрлік ала таяқты қайтару бюджеттен қаржы талап етпейтініне сендірді. Өйткені бұрынғы ала таяқтар сақталған.



01 қыркүйек 2019 ж. 179 0

Қоғам

Мейірімі мол мереке
16 қараша 2019 ж. 91

Киімнің киесі бар ма?

16 қараша 2019 ж.

Бірегей болмыс иесі

16 қараша 2019 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (8740)

15 қараша 2019 ж.

№88 (8739)

12 қараша 2019 ж.

№87 (8738)

08 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам