Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтың болат қорғаны

Құқықтың болат қорғаны

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» дейді Бауыржан Момышұлы. Осы тәмсіл Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан сайын даланың төсінде ежелден-ақ тәртіпке негізделген жүйе болғанынан хабар беріп тұрғандай. Қазақ халқы жазылмаған заңдылықпен ел үлкендері арқылы тентегін тізгіндеп, бұзығын бұғаулаған. Ел ішіндегі дау-жанжалды қара қылды қақ жаратын билерге сеніп тапсырған. Ең ақырғысы тәртіп пен тәрбиені баланың тұла бойына бірдей дарытып, әуел бастан жөнсіздіктің алдын алған. Алайда қазақ ұлтына да жұртты бір жүйемен басқарып, мемлекеттің құрылымын күшейту мақсатында арнайы заңдар керек болды. Осы орайда ойымызға оралатыны «Қасым ханның қасқа жолы» мен Тәукенің «Жеті жарғысы». Бұлар бүгінгі бейбіт еліміздің басты құжаты Конституцияның ертеректе қаланған іргетасы іспетті.
Кез келген мемлекеттің өзіне тән рәміздері, айқындалған территориясы мен құқықтың болат қорғанына айналған заңы болады. Мәселен АҚШ Конституциясы. Ол 1787 жылы 17 қыркүйекте қабылданған. Жеті баптан тұратын алпауыт Американың заңы әлемдегі төрт аяғын тең басқан Конституциялардың қатарына кіреді. Ал Жапонияның қазіргі қолданыстағы Конституциясы 1947 жылы 3 мамырда күшіне енген. Жапония заңы осы уақытқа дейін бірден бір өзгеріске ұшырамағандығымен ерекшеленеді. Заңнамалық құжаттың бұзылмай біртұтастығын сақтап қалудың сыры 96-бапта жатыр. Бап бойынша Конституцияға қандай да бір түзету жасау үшін қос палатаның кем дегенде үштен екісінің келісімі керек. Бұдан бөлек өзгерулер айрықша референдумға салынып, жаңа сайлау өткеннен кейін парламенттің қарарына жібереді.
Тәуелсіз Қазақстанның қазір қолданып жүрген құқықтық құжаты 1995 жылдың 30 тамызында жалпы халықтық референдум негізінде қабылданған. Ол 9 тарау, 98 баптан тұрады. Республиканың айбынын асқақтатып, азаматтарға заңдық тұрғыдан қорған болатын Ата заң бірлік пен ынтымақты негіз еткен. Осы құжат еліміздің демократиялық, құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде танылуына сеп болды. Әрі дүние жүзіне тәуелсіз екенімізді жария етті.
«Конституция – арайлы азаттығымыздың айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас тағдыры. Ол еліміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары» деген еді Тұңғыш Президент. Расында, біз Ата заңымыздың арқасында адастырмас тура жолда келеміз. Сонымен қатар, басты құжат биліктің біртұтастығын сақтап, оны шашыраңқы күйден, жұмылған жұдырықтай жүйеге ауыстырды. Соның нәтижесінде қазір Қазақстанмен әлемнің алпауыт елдері санасады. Біз де өзгелермен иық түйістіріп, терезе теңестірдік. Бүгінде аспан түстес, күн бедерлі, қыраны қалықтаған көк байрақ жігерімізге жігер қосуда.
– Биылдан бастап 9 сынып оқушылары функционалды сауаттылыққа негізделген жаңа форматтағы мемлекеттік емтихан тапсырады. Наурыз айынан бастап республикада алғашқылардың бірі болып мұғалімдерді жұмысқа қабылдау процесі электронды түрде жүргізіле бастады. Қазіргі таңда осы жүйе арқылы облыс бойынша 129 мұғалім жұмысқа орналасты. Цифрландырудың мақсаты – толық ашықтықты қамтамасыз ету. Министрліктің тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап барлық білім беру ұйымдарының штаттық кестелері, квалификация, қаржы жоспары туралы мәліметтері ресми сайттарда орналасатын болады. Облыста балаларды қосымша біліммен қамту көрсеткіші төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан аудан әкімдігінен қосымша білім беру ұйымдары мен мектептерде техникалық, өнер, спорт, туризм үйірмелерін дамытуды қолға алуыңызды сұраймын, – деді.
«Келешектің білім беру ресурстары мен технологиялары» тақырыбында №41 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Елжасарова, «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында №156 орта мектептің мұғалімі Гүлбахрам Қайықбаева, «Жастарға жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында №47 мектеп-лицей мұғалімі, жас ұстаз Тұрғанбек Бекзақ баяндама оқып, білім саласына қатысты бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Жиын соңында жаңа оқу жылында білім саласының жұмысын жандандыруда қандай міндеттерді іске асыру керек, қандай мәселеге көңіл бөлу қажеттігі жайлы аудан басшысы хабарлады.
–Қазіргі заманның басты талабы – жаңа заманның жаңа шақыруларын қабылдай алатын зерек оқушыларды дайындау. Бұл міндеттер мен ерекшеліктер әрбір білім беру ұйымына қатысты. Сондықтан алдымызда маңызды мақсаттар тұр, – деген аудан әкімі биыл ҰБТ қорытындысында облыс бойынша Шиелі ауданы көш соңында қалып отырғанын айтып, ұстаздар қауымына білім сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс істеуді тапсырды.
Бүгінде ауданда апатты мектептер мен үш ауысымда оқитын білім ордалары жоқ. Дегенмен бұл мәселеге бей-жай қарауға болады деген сөз емес. Соңғы уақытта өңірде мектепке қабылданатын оқушылар саны артып келеді. Осыған орай дәл биыл болмаса да, келер жылдары №48 және №46 мектептер үш ауысымда оқуға көшу еді деген болжам бар. Бұл мәселенің алдын алу қажеттігін айтқан Ә.Оразбекұлы №48 мектеп жанынан 300 орындық қосымша мектеп құрылысы жүрып жатқанын, бұл жағдайдан №46 мектепте қалыс қалмайтынын жеткізді. Сондай-ақ білім саласының ардагері Рахым Мауияев мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, батасын берді.
Шара соңында өткен оқу жылы бойынша нәтижелі жұмыс жасап, көзге түскен бірқатар сала мамандары марапатталды. Кезекті тамыз педагогикалық кеңесі мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Гүлхан ЯХИЯ
30 тамыз 2019 ж. 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930