Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 830 мыңнан астам электрондық еңбек шарттары тіркелген

830 мыңнан астам электрондық еңбек шарттары тіркелген



«Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында еліміздің 19 мыңнан астам ұйымдары қызметкерлерінің 830 мыңнан астам электронды еңбек шарттары тіркелді, деп хабарлайды Елорда Инфо Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап. 

ЕШЕБЖ еңбек шарттарын, қосымша келісімдер туралы мәліметтерді жинауға, өңдеуге, тіркеуге және мұрағаттауға, сондай-ақ қызметкерлердің профилін жүргізуге арналған.

Еңбек қатынастарын тіркеудің бірнеше жолы бар. IT-шешімі бар комапниялар үшін ЕШЕБЖ-пен тікелей қосылуға болады. Ол болмаса, өтініштер enbek.kz порталы арқылы беріледі.

«Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі – еңбек жолы туралы этолонды деректер базасы. Бұл ақпараттық жүйенің негізгі міндеттері – қызметкердің жұмыспен қамту тарихын жүргізу, еңбек заңнамасының бұзушылықтарын анықтау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктіру арқылы қызметкерлердің жеке ісін қалыптастыру, деректердің сақталуын қамтамасыз ету және адамның еңбек жолы туралы сенімді дереккөз құру», деді ЕРДО деректерді талдау және өңдеу департаментінің директоры Бахтияр Жазықпаев.
Оның айтуынша, еңбек заңнамасына тиісті өзгертулер енгізіліп, барлық ұйымдар ЕШЕБЖ-мен біріккен соң қызметкерлер үшін бірқатар мүмкіндік пайда болады. Атап айтқанда, ақпараттық жүйе жұмыс берушінің қызметкер алындағы міндеттемелерін бекітуді және оны әлеуметтік тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз етеді: шарттың, қорларға жарналар мен аударымдардың болуы. Сонымен бірге, ЕШЕБЖ жұмысқа орналасу барысында кадрлар қызметімен талап етілетін құжаттарды жинау қажеттілігін жояды және еңбек шартын қашықтықтан рәсімдеуге, қол қоюға мүмкіндік береді.

«ЕШЕБЖ жұмыс берушілерге де біраз басымдық береді. Ең негізгілердің бірі - еңбек шартын рәсімдеудің құнын төмендету, өйткені кадрлық құжаттаманы қағаз жүзінде жүргізудің қажеті болмайды. Сонымен қатар, ақпараттық жүйе бос жұмыс орындары туралы есеп беру қажеттілігін барынша азайтуға жол ашады, ал мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен еңбек шарттары мен жеке мәліметтерге бірыңғай қолжетімділік қызметкерлерді сапалы таңдауға мүмкіндік береді. ЕШЕБЖ-ның тағы бір маңызды артықшылығы – анықталған бұзушылықтарды жедел жою үшін автоматты түрде хабарлау», - деді Жазықпаев.


27 тамыз 2019 ж. 567 0