Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бірқатар өңірінде 45°С ыстық сақталады

Еліміздің бірқатар өңірінде 45°С ыстық сақталады


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның тағы бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады.

"Күндіз 17-19 шілдеде Қызылорда, күндіз 18-19 шілдеде Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 40-45 градус өте қатты ыстық күтіледі", - делінген таратылған хабарламада.
Күндіз 17 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық, солтүстіктен соққан жел кей жерлерде 18 м/с күтіледі.

Барлық аймақта дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.
Бұған дейін бүгін Солтүстік Қазақстан облысында күші 15-20 м/с болатын жел соғатыны, сондай-ақ 17 шілдеде найзағай ойнап, тұман басуы мүмкін екені ескертілген болатын.
16 шілде 2019 ж. 594 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728