Тіл сақталса, ұлт та сақталады
Ел тәуелсіздігін айқындайтын негізгі конституциялық құқықтық белгілердің бірі- мемлекеттік тіл. Яғни, тіл саясаяты мемлекеттің ұлттық тағдырын шешетін киелі құбылыс. Бұған Алаш ардақтылары А.Байтұрсынұлының «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл» немесе Ғұмар Қараштың «Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз» деген даналық сөздері дәлел. Осы пікірлерді Мағжан Жұмабаев ойымен жандандырсақ: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт-тілі болуы керек».Демек, Қазақстанда қазақ тілі басқалардан оқ бойы озық тұрып, үстемдік етуі тиіс. Өкінішке орай, отаршыл империяның салқыны тілімізге де тиеді.
Конституцияға сай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Дей тұрғанымен, мемлекеттік тіл үстемдік ете алмауда. Бұл, әрине, Қазақстанның әрбір азаматының кемшілігі. Тәуелсіздік алғалы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында түрлі бағдарлама қабылданды. Мысалы, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы». Осы бағдарламамен мемлекеттік тілдің мемлекеттің басқару тілі ретінде қолданылуы , іс жүргізуді толық мемлекеттік тілге көшіруді, т.б қамтамасыз ету міндеттелді. Айта кетерлігі, аталған бағдарламаға сай, Жоғарғы Сот төрағасының 2009 жылғы 27 ақпанындағы №36 өкімімен республика соттарындағы ісқағаздар мемлекеттік тілге толық көшті. Бірақ, тілге қатысты мәселе түбегейлі шешілді деп алмаймыз. Оның басты себебі, жоғарыда айтқанымыздай , ел азаматтарына тікелей байланысты. Мысалы, заң бойынша талап арыз сотқа қай тілде түссе, іс сол тілде жүргізіледі. Сотқа ресми тілде жүгінетіндер басым. Адвокаттар мен заңгерлердің көбі орыстілді, олар өздеріне ыңғайлы тілді таңдайды. Сотқа қай тілде жүгіну, әрине, заң бойынша азаматтарыдң өз құқығы. Дегенмен, мемлекеттік тілге құрмет көрсетіп, сол тілде сөйлеу әрбір қазақстандықтың міндеті.
Ұдт көшбасшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласында «Ұлттық код ол- ұлттық тіл, діл, мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тәрбие, тарих және Отаны мен оның шекарасы. Оның бәрі бірігіп ұлттық болмысты қалыптастырады» деді. Ең алдымен, кез келген адамның тіліне мән беріліп, қай ұлт өкілі екені тілі арқылы танылады. Тіл осынысымен ұлттық кодтың басты кілті. Ұлттық рухани жаңғыруына бастайтын нақты қадамдардың алдыңғы қатарына қазақ тілі жазуын латын жазуына көшіру мәселесінің қойылып, нақты міндеттер белгіленуі де ұлттық сананы сілкінту , жаңғырту міндетінен туындап отыр. Қай салад болмасын мемлекеттік тіл мәртебесінің артуына қарапайым азаматтар мүделілік танытса, әсіресе, Елбасы айтқандай, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессе» тіл мәселесі оң шешімін табар еді. Шет мемлекеттер тәжірибесіне жүгінсек, Тәжікстан Республикасының азаматы мемлекеттік тілді білуге міндетті» деп Конституциямен міндеттесе, Литва Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік тілдің мәртебесіне қарсы кез келген әрекет жүзеге асырылмайды» деп көрсетілген. Бізге де бұл тұрғыда белгілі бір жауапкершіліктер қабылдайтын кез келді.
Шиелі аудандық сотының
бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Г.С.Косжанова