Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аман бол, Алаш Арысы

Аман бол, Алаш Арысы

Бес күндік мына жалғанда бес күн әуреге салған жарылыс қай қазақтың болмасын қабырғасын қайыстырып, көңіліне кірбің ұялатқаны сөзсіз. Осынау қиын-қыстау күндерде бір-бірінен көмегін аямаған Алашымнан айналдым!Бұл күнде елім деп еміренген, жерім деп тебіренген қазақ жауынгерінің де өжеттілігін байқадық. Әрбір қазақ жалғызым деп көмек қолын созған жандар да аз емес. Бірі киерге киім, ішерге ас, тұруға баспана ұсынып жатса, енді бірі азды-көпті қаржылай көмек көрсетті. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, айранда ұйып отырған бұл шақта мұндай сынақтың келерін кім білген?! Десе де, Алашым берілген жоқ. Төтеннен келген апатта бірлігін, тірлігін, әрбір істің қайырын көрсете білді.Тегін дүниесі жоқ заманда, өзінің бар мейірімі мен қамқорын, қолынан келген барлық көмекті тегін ұсынып жүрген жандар бар. Оған дәлел – осы бес күндік сынақ! «Биліктің басында отырмын» деп, осы күні қуыс кеуде бола қалған басшыны да байқамадық. Мемлекет басшысы да осынау ауыр күнде халқымен бірге болды. Арысымды айнала қоршаған аймақ тұрғындары мен басшысы да қолдан келгеннің бәрін жасап бақты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Арыстың амандығы – Алашымнаң бірлігінің арқасы. Ер майданда сыналады. Майданнан кем түспеген шақта қазақ әскері төтенше жағдайда әсте қимылдап, бәрін өз орнына қоюға асығып, елінің тыныштығын күзеткен, күн-түн демей төңіректі түзетті. Бүгінде қазағымның қарулы күштері мен қарапайым халқы қандай құрметке болса да лайық. Қандай қиыншылық болмасын, бірлігін сақтап қалар Алашымды, даудың да, жаудың да ала алмасы сөзсіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Шәмші ағаның жыры едің, Арысым,
Қазағымның басына қонған бағысың.
Ашық аспан, бейбіт, тыныш бұл күнде
Алды-ау Арыс бір өзіңді тағы сын.
Қара түтін басты дағы жалын от,
Снарядтар ұшып жатыр сансыз оқ.
Зәулім, биік бой көтерген үйлердің,
От боп жанып, жатыр енді болып шоқ.
Ана зары, бала жасы тыйылмай,
Тұр ғой әлі, мына күннің қиыны-ай!
Бір Жаратқан көгімізде нұр шашып,
Береді әлі Арысыма сыйын-ай.
Әр отбасы жоғалтып бір сәбиін,
Қорқыныштан жастар қашты бәрі үйін.
Мүмкін емес жай өлеңмен жеткізу,
Сол кездегі Арысымның жай-күйін.
Кім ойлаған болады деп мұндайды?
Біреуге жан, рас біреуге мал қайғы
«Көрсетіп көмек, демеу саған болам» – деп
Тонап ақша, алаяқтар алдайды.
Көрдім бүгін Алашымның бірлігін,
Ұсынуда тіпті үйінің төрлілігін!
Атады әлі бірлігімізден таң күліп,
Болмас оған ішімізде сан күдік.
«Арысымыз, Алашымыз аман» – деп
Айтар әлі радиолар жаңғырып.

Қарлығаш Әбілда,
№148 қазақ орта мектебінің
оқушысы

02 шілде 2019 ж. 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031