Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық дәрігерлер әлемнің озық клиникаларында біліктілігін арттырмақ

Қызылордалық дәрігерлер әлемнің озық клиникаларында біліктілігін арттырмақ

ÒÑзÑлоÑдалÑÒ Ð´ÓÑÑгеÑÐ»ÐµÑ ÓлемнÑÒ£ озÑÒ ÐºÐ»Ð¸Ð½Ð¸ÐºÐ°Ð»Ð°ÑÑнда бÑлÑкÑÑлÑгÑн аÑÑÑÑÑмаÒ
Қызылордалық дәрігерлер әлемнің озық клиникаларында біліктілігін арттырады, деп хабарлайды «Хабар 24». Отандық медицинаға үздік технология мен инновациялық емдеу тәсілдерін ендіру мақсатында сырбойылық неонатолог және онкологтар Оңтүстік Кореяда білім алады. Жалпы соңғы 2 жыл ішінде жергілікті 24 маман шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып үлгерді. Осыдан екі жыл бұрын Тынымбай Мәдиевке көмей ісігі диагнозы қойылды. 68 жастағы науқас химиотерапияның 6 курсын қабылдады. Дәрігерлердің жаңа тәсілдерді қолдануы арқасында
Күлпәш Әбілқасымова, науқастың жұбайы:
– Жалпы палатада жататынбыз. Қазір «бокс» деген палата ашылып жақсы болды. Жаңадан препараттар пайдаланып жатыр. Демалатын бұрыштар жасап қойған, еркін демаламыз. Емдейтін қыздар өте жақсы. Иммунитетіміз төмен еді, жоғарылады. Жаңа технология пайдаланып жатыр. Ризамыз. Жоғары дозалы химиотерапияны оңтайлы тәсілмен жүргізуді онкологиялық орталық мамандары оңтүстіккореялық дәрігерлерден үйреніп келген. Виктория Юн шетелдік клиникада білімін жетілдіріп, қазір ем-дом барысында қолданып жүр. Биыл тағы 20 медицина қызметкері Оңтүстік Кореяға аттанады. Соның бірі – Әсет Жалмағанбетов. Жас хирург бариатриялық хирургия төңірегінде тереңдетілген курстан өтеді.
   Әсет Жалмағанбетов, хирург:
– Қызылорда облысында әлі жасалмайды, бариатриялық хирургия деген әдіс бар. Асқазанның, семіздік және қант диабетін емдеу әдісі болып келеді. Бұл Қазақстанның кейбір қалаларында жасалады. Кореяда жасалып жатқан оперативті емдеу әдісі. Сол біз баратын оқу орнында осы оперативті әдіспен жасайды. Сол тәсілді меңгеріп, осы жаққа енгізсек дейміз. Сыр өңірінің ақ халатты мамандарын оқыту жобасы облыстық бюджеттен қаржыландырылады.
Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Әлхайдар Тұрлыханов

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/321890-yzylordaly-d-rigerler-lemni-ozy-klinikalarynda-biliktiligin-arttyrma
14 маусым 2019 ж. 631 0