АДАМЗАТ БОЛАШАҒЫН АНАЛАР ЖАСАЙДЫ
31 мамыр – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні
Әлемде шылым шегудің зардабынан сағатына 560 адам көз жұмса, соның үшеуі – қазақстандық. Қазақстан темекi шегуден өзге мемлекеттерден қалысар емес. Әлемде 13-ші орында. Республика халқының 27 пайызы темекi шегумен тұрақты айналысады. Елімізде темекiнiң зардабынан жылына 25, күн сайын 70 мың адам дүние салады.
Сондай-ақ дүние жүзінде жыл сайын темекiнiң зардабынан 6 млн. астам адам қайтыс болады екен. Егер осы қарқынмен кете беретiн болса, 2030 жылға дейiн никотиннiң уынан көз жұматындардың саны 10 млн. адамға, ал, XXI ғасырдың соңына дейiн 1 млрд. адамға жетедi екен. Бұл дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметi. Сонда темекiнiң дауасы табылмайтын дертке, қайғы-қасiретi мол iндетке айналмаған несi қалды?
Олардың көпшiлiгi 35-69 жас аралығындағылар. Жасөспiрiмдер арасында шылым шегушiлер өте көп. 13-15 жастағы жасөспiрiмдердiң 14,8 пайызы темекi шегетiнi анықталған. Арнайы мамандар мен дәрiгерлердiң зерттеуiне сүйенсек, темекi шегетiн жастардың 70 пайызының әкесi, 40 пайызының шешесi шылым тартатын болып шыққан.
Темекi барлық аурулардың қозуына немесе өршуiне негiз болады. Қазiр өкпе мен қолқаның патологиялары жоғары деңгейде тұр. Балалардың 46 пайызы, ересектердiң 27 пайызы осы аурулармен ауырады. Аталмыш кеселдердiң өрiс алуының 85 пайызы темекiден болып отырғаны дәлелденген. Қазір өкпедегi қатерлi iсiк ауруы көбейiп отыр. Бұл iсiктердiң де бой көрсетуiнiң 90 пайызы темекiнiң салдарынан. Жүрек қан-тамырлары ауруларының 50 пайызы, миокорд инфаркты мен инсульттың 30 пайызы тiкелей никотиннiң зиянынан болады екен. Ғалымдардың ғылыми дәлелiне жүгiнсек, бiр адам темекi шегетiн отбасында балалардың 68,4 пайызы, 2 адам шегетiн отбасында 83,8 пайызы аурушаң болады. Ал 3 адам темекi шегетiн үйде сау бала болмайтын көрiнедi.
Елбасының Жарлығымен 2002 жылдың 10 шiлдесiнде «Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы» Заңға қол қойылған болатын. Бұл маңызды құжатта темекiмен күресудiң жолдары, iске асырылуы тиiстi шаралар атап көрсетiлген және оларды iске асыру мерзiмдерi белгiленген. Бүгiнгi таңда осы мақсатты бағдарлама бойынша жұмыстар жүзеге асырылып келедi. Бiрақ атқарылып жатқан шараларға қарамастан темекi шегу өршiп тұр. Асханалар мен барларды, кафелер мен ресторандарды айтпағанның өзiнде, көшеде келе жатқаныңда алдыңнан таудың самалы емес, темекiнiң иiсi бұрқырап, өкпеңдi қарып, өңешіңдi бiтеп, тынысыңды тарылтып бейшара күйге түсiредi. Бағдарламада айыппұл салу шаралары да бар. Жұмыс орнында немесе транспортта темекi шеккенi үшiн бiр еңбекақы көлемiнде айыппұл салу қаралған. Ал, бiр жылдың iшiнде осы жағдай қайталанатын болса, екi немесе бес айлық көлемiнде айыппұл салу көзделген. Өкiнiшке орай, бұл талап өз дәрежесiнде жүзеге асырылып отырған жоқ. Қала ішіндегі кез келген жолаушылар тасымалымен айналысатын автобусқа мінсең, жүргізуші тартқан темекінің көк түтінінен тұншығуың әбден кәнік. Жасыратыны жоқ, тұншығып та жүрміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын ғаламдық темекі індеті 6 миллионға жуық адамды қазаға ұшыратады екен, олардың 600 000-нан астамы шылымқор емес, олар темекі түтінімен дем алғанның салдарынан қаза тапқандар.
Қазақстанда 4 милион адам темекі тартса, оның 600 мыңы қыз-келіншек, 120 мыңы 13-15 жас аралығындағы жасөспірім. Олардың басым бөлігі 20-ға толмай жатып, шылымның «дәмін» татқандар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі шегушілердің есебінен 2020 жылы онкологиялық дерттер әлем елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өсе түседі деген пікірде. Жиырма бірінші ғасырда жер бетінде 1 миллиардқа жуық адам ажалын темекі шегудің салдарынан туындайтын аурулардан таппақ. Еліміздегі 12 мен 14 жас аралығындағы балалардың 10 пайызы, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 21 пайызы, 18-19 жастағы жастардың 32 пайызы, 20-29 жастағы адамдардың 30 пайызы шылым шегуге әуестенген. Ал, 29 бен 59 жас аралығындағы еңбекке жарамды, қалалық жерде тұратын ер адамдардың 62 пайызы және ауылдық жерлерде тұратындардың 65 пайызы көк түтінді серік еткен. Қаладағы туу жасындағы әйелдердің 8 пайызы, ауылда тұратындардың 7 пайызы жаман әдетке бой алдырған.
Темекі – адамдардың өліміне себеп бола тұра заң жүзінде тұтынуға рұқсат етілген әлемдегі екі өнімнің бірі. Езуіне темекі қыстырғандардың үштен бірі, кейде тіпті, тең жартысы ажалынан 15 жыл бұрын өледі екен. Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына орташа 2 млн. рет темекі тартады деседі.
Медицина ғылымының докторы Л.Орловскийдің баяндауынша, темекі шегетіндер стенокордиямен 13 есе, миокорд инфарктімен 12 есе және асқазан жарасымен 10 есе көп ауырады. Темекі шегетін әрбір жетінші адам қан тамырларының (әсіресе аяқтың) қатерлі ауруы – эндертеритпен ауырады. Темекі тарпайтындарға қарағанда жүрек ауруынан 2-3 есе жиі өледі, жиі ауырады. Күніне 10-12 тал шегетіндер өкпе рагімен 15 есе, ал күніне 2 қорап темекі шегетіндер 30 есе жиі сырқаттанады. Шылымқордың әйелі темекі тартпайтынның әйеліне қарағанда туберкулезбен 4 есе жиі ауырады, 4 жыл аз өмір сүреді.
Көшелер мен саябақтарда өрiп жүрген өрiмдей қыздардан жүрек айнырлық түтiн иiсiнiң бұрқырап тұрғаны тым әбестiк қой. Олардан жусаннан да жұпар, қыр гүлiнен де хош ғаламат иiс аңқып тұратын кезі емес пе? Темекi түтiнiне шашалып жүрген бойжеткендердiң көбiсi қаракөздер. Үлбiреген ерiндерiне сасық темекiнi қыстырып, улы никотиндi сорып жүрген әрекетiне қынжыласың.
Темекiге құмарлығынан болар, қысылып-ұялуды бiлмейдi. Көк түтiнге өзiн де, өзгенi де көмiп, былқ-сылқ етiп кете барады. Болашақ аналардың мұндай мұңсыз күйге түсiп, өмiрден баз кешiп жүргенiн қалай түсiнуге болады? Бала бiздiң болашағымыз деймiз. Сол баланы өмiрге әкелетiн, тәрбиелейтiн, өсiретiн ана емес пе? Болашақ аналардың сиқы әлгiндей болса, болашағымыз не болмақ?
Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.