Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдік экономикаға адамның көңіл-күйі әсер етеді

Әлемдік экономикаға адамның көңіл-күйі әсер етеді


Әлемдік экономиканың дамуына адамдардың көңіл күйі де әсер етеді. Нақты айтсақ, қарапайым күйзеліс. Жер шарында 350 млн адам осы дертке шалдыққан. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты. Тек АҚШ-тың өзінде осы аурумен байланысты экономикалық шығындар жылына 200 миллиард доллардан асады. Ал жаһандық шығындар жылына триллион долларларға жетеді. Бұған себеп күйзеліс кезінде адамдардың еңбек өнімділігі төмендейді. АҚШ, Бразилия, Оңтүстік Корея, Қытай және Канада елдері күйзеліс салдарынан жылына орта есеппен Жалпы ішкі өнімнің 2,5% жоғалтады. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдардың психологиялық денсаулығын қорғауға инвестиция құюға шақырады. Оған кеткен 1 доллар, дені сау адамның жұмысқа қабілеттілігі арқылы еселеп қайтады.  Елмізідегі 95% жолдардың сапасы жақсарады Ең жақсы жолдар Біріккен Араб Әмірліктерінде. Бұл мемлекет бірнеше жыл қатарынан бірінші орында. Сарапшылар пікірінше, ең нашар жолдар Мавританияда. Тізімде 115 болып орналасқан біздегі жолдардың да сапасы көңіл көншітпейді. Дегенмен, жүргүзушілер үшін жақсы жаңалық бар. Еліміздегі жол жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен 350 млрд теңге бөлінеді. Егер қаражат  мақсатты  жұмсалса, 2025 жылға қарай облыстық және аудандық жолдардың 95%-нің сапасы жақсарады деп күтілуде. Қазақстанда барлығы 14 мың шақырым көлік жолдары және 2,5 мың шақырым аэропорттар, теңіз порттары мен теміржалдар салынып, қайта жөндеуден өткен.  Агросақтандыруға өзгерістер керек Жыл сайын көктемде 300 мың қазақстандық су тасқынынан зардап шегеді. Ал Жалпы ішкі өнім 3 млрд доллар жоғалтады. Дүниежүзілік Банк сарапшылары Алматыда өткен форумда осындай тұжырымға келген. «Орталық Азия халқының үштен бір бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Оларға құрғақшылық пен су тасқынының зардабы бірден сезіледі. Бұл проблеманы шешу үшін Дүниежүзілік Банк сарапшылары өсімдік және мал шаруашылығын сақтандыруды ұсынды. Қазақстанда мал шаруашылығын сақтандыру жүйесінде регламент жоқ. Шаруалар өсімдік өнімдерінің кейбір түрлерін ғана сақтандыра алады. Ауыл шаруашылығы дақылдары мен жануарларды сақтандыру жүйесіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы Мәжіліске жіберілген. Биыл Қытайдың ЖІӨ 6,4% төмендеуі мүмкін Өзге жаңалықтарға ойыссақ. Биыл Қытайдың Жалпы ішкі өнім деңгейі 6,4% дейін төмендейді деген болжам бар. Бұл туралы Сямэнь университетінің баяндамасында жазылған. 2019 жылы Аспан асты елінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 7% - ке, ал бөлшек сауда шамамен 9% - ке өседі деп күтілуде. Қарқын 2018 жылға қарағанда 0,13% төмен болуы мүмкін. Сондай-ақ тұтыну бағасы 2% қымбаттап, ал тауар өндірушілердің бағасы 1,40% - ке артуы мүмкін. Қытай университетінің баяндамасында «қазіргі қаржылық қолдау және салықтарды төмендету саясаты тиімсіз инвестицияларды ығыстыруға бағытталуы тиіс. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді» делінген.

www.24.kz
28 ақпан 2019 ж. 1 002 0