Әлемдегі ең қымбат жолдардың тізімі жарияланды
2025 жылы Қазақстанда 12 мың шақырымға жуық жол ақылы болады. Шетелде бұл тәжірибе бұрыннан бар. Әлемдегі ақылы жолдардың көбі Қытай, Франция, Жапония, АҚШ және Италияда елдерінде. Ал бағасы қандай? Әлемдегі ең қымбат жолдар Әлемдегі ең қымбат жолдардың тізімі жарияланды. Сонымен, Франция мен Италияны жалғап тұрған «Монблан тонеллі» бірінші орында. Жүргізушілер бұл жерде бір бағытқа 49 доллар төлеу керек. Тоннельден күніне 5 мың көлік жүріп өтеді екен. Екінші орында – Канададағы «Конфедерация көпірі». Мұзды суда салынған ең ұзын көпірмен жүріп өту үшін 40 доллар жұмсайсыз. Үшінші орында – Германиядағы «Нюрбургринг» жарыс жолы. Құны – 32 доллар. Сондай-ақ бұл тізімге Жапониядағы «Акаси-Кайкё» аспалы көпірі, Англиядағы «Северннің екінші көпірі» де кіреді. Соңғы үштікте Ұлыбритания және АҚШ-тағы ақылы жолдар. Айта кетейік, жолдың құны көліктің түріне байланысты өзгеріп отырады. Күн электр станциясы іске қосылды Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үлкен күн электр станциясы іске қосылды. Қрағанды облысында орналасқан. 164 гектар жерді алып жатқан аумаққа 307 панель орнатылған. Электростанцияның қуаты – 100 МВт. «Бұл Саран секілді 10 қалаға жететін энергия», – дейді өңір басшысы. Инвесторлар жобаға 137 млн доллар жұмсаған. Соңғы технологиялар бойынша жасалған панельдер қырық жыл қызмет етеді деп күтілуде. Қазақстан 14 мың тонна уран экспорттады Былтыр Қазақстан 14 мың тонна уран экспорттаған. Қаржыға аударсақ, шамамен 700 млн доллар. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 17 процентке төмен. Уран экспортының жартысынан көбі Қытайға жіберілген, екінші орында – Канада. Оған экспорттың 18,2 проценті тиесілі. Үштікті көрші Ресей аяқтайды. «Қазатомпром» ұлттық компаниясының жылдық қорытындысы бойынша еліміздің үш аумағы өндірістің 92 процентін қамтамасыз етеді. Бірінші Шу-Сарысу уран кен провинциясы (60,2%), екінші Солтүстік Қазақстан (17,3%), үшінші Сырдария провинциясы (15,2%). Табысты инвестиция Ал қазір бай болғысы келетін, бірақ қалай баюды білмей жүргендер үшін жаңалық. Бар болғаны балаларға арналған ойыншықтарға, дәлірек айтсақ, «Лего» құрастырушыларына инвестиция құю қажет. Мәскеу жоғары экономика мектебінің аға оқытушылары осылай дейді. Экономистердің пікірінше, орташа табысы жылына кем дегенде 11 процент болады. Бұл ірі компаниялардың акцияларынан немесе алтыннан түсетін пайдадан көп. Мысалы, құны 4 доллардан кем ескі «Lego» ойыншығы бір жылдан кейін дүкендердің бірінде 30 долларға сатылған. Осылайша пайдаға кенелген. Қазақстандағы қор биржасында америкалық валюта құны теңгеге шаққанда 378 теңге 26 тиынға бағаланды.
Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова
www.24.kz