Жапондар шылым шегуден бас тартудың ерекше жолын ойлап тапты
Табак өнімдерінен қалай бас тартуға болады? Жапондар оның ерекше жолын ойлап тапты. Токиолық маркенигтік компаниялардың бірі темекі тартпайтын қызметкерге қосымша жұмыс күндерін бөлуді ұйғарды. Сөйтіп, компания жат әдетке әуестердің санын азайтуға бет бұрды. Себебі темекімен әуестенбейтін өзге жұмысшылар шылымға құмар әріптестерінің үстінен басшылыққа шағым түсірген. Өйткені темекіге тәуелді қызметкерлер соның сылтауымен жұмыс уақытында сыртта жүреді. Арызданушы тарап мұны әділдікке жатқыза алмаса керек. Енді жаңа ереже қыркүйек айынан бастап, күшіне енді. 120 қызметкердің 30-ы жаңа бастаманың нәтижесінде демалысқа шығып үлгерген, ал 4 жұмысшы салауатты өмір салтын сақтауға уәде беріпті. Мин Катаока, кадр бөлімінің қызметкері: - Бізде ұсыныстар тасталатын жәшік бар. Оған жұмысшылар аты-жөндерін жазбай басшылыққа ойларын жеткізе алады. Кейбір қызметкерлер шылым шегетіндердің үзіліс уақыты әлдеқайда ұзағырақ деп шағым түсірген. Сун Синбаба, маркетингтік компания қызметкері: - Мен көптен бері шылым шегуді тастағым келіп жүр еді. Енді міне осындай ереженің арқасында тіпті демалысқа да шыға алатын болдым.
www.24.kz