Жапондықтар аптап ыстықтан қорғайтын желдеткіші бар киім ойлап тапты
Жапонияда соңғы апталардағы аптап ыстықтан қаза тапқандардың саны 14-ке жетті. Мыңдаған тұрғын дәрігерлік көмеккке жүгінген. Су тасқынынан кейін ыстықтан зардап шегіп жатқан күншығыс елі ерекше технологиялық көрме өткізді. Онда адамдарға шыжыған күннен қорғайтын түрлі заттар көрсетілді. Соның бірі – желдеткіші бар киім. Ыстық күнде онымен далаға еш алаңдамай шығуға болады. Себебі желдеткіш ауаны сыртқа үрлеп, адамның денесін салқындатып тұрады. Ал тағы бір компания жолдың бетін салқындататын арнайы жамылғы материал ұсынды. Оның ерекшелігі, ультра-күлгін сәуле мен жылуды дарытпай, жолдың бетіндегі температураны 10-15 градусқа дейін төмендете алады. Компания өкілдері оны 2020 жылы Токиода өтетін олимпиада кезінде қолдануға болады дейді. Рюносукэ Фурусава, құрылысшы: – Біз көбіне сыртта күн астында жұмыс істейміз. Ал мынадай жолға арналған жамылғы ыстықтан қорғайтын бірден-бір құрал болары анық.
www.24.kz
www.24.kz