Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда шілденің екінші жартысында да аптап ыстық болады

Өзбекстанда шілденің екінші жартысында да аптап ыстық болады

Өзбекстанда төтеншеліктер жұртқа әсіресе түс мезгілінде мүмкіндік болса көшеге шықпай, салқын суды көбірек ішіуін ескертіп жатыр. Көпшілік қолшатырын ұстап, көлеңке іздесе, балалар субұрқақты жағалап жүр. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, шілденің басында Өзбекстанда ауа райы жылдағы қалыпты деңгейден +5, 7 градусқа дейін көтерілген. Қатты ыстықтан Үргенші қаласындағы халықаралық әуежай уақытша жабылған.Ташкент-Үргенші бағытындағы кейбір рейстер тоқтатылып, қалған ұшақтар «Нүкіс» қаласына қонуда. Ыстықтан егіс алқаптары да тез сусап жатыр. Жалпы қазір Өзбекстанның басым бөлігінде күндізгі уақытта ауа температурасы +43 ,ал оңтүстікте +45 градусқа дейін көтерілген. Бұл ыстық айдың соңына дейін сақталады деп күтілуде. «Қырық күндік шіліңгір шілде шығып, тамызда келетін «Мизамның» ыстығы да оңай соқпауы мүмкін», – дейді жергілікті тұрғындар. Өйткені ол кезде де аптап ыстық қайталануы мүмкін. Абдурашит Исабаев, Ташкент қаласының тұрғыны: – Жазда Өзбекстанда әрдайым ыстық болады. Өткен жылға қарағанда, биыл ыстық сәл жоғарылау. Гидроорталық күнде хабарлама жазып жатыр. Өзіміз үйде бассейін салып, сонда салқындап отырамыз.
www.24.kz
20 шілде 2018 ж. 1 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930