Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады - Синоптиктер
Синоптиктер 17-19 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, елімізде 43 градусқа дейін ыстық болады. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста және Қазақстанның батыс өңірінің кей жерлерінде алдағы үш тәулікте ауа температурасы плюс 40...43 градус және жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Мұндай ауа райы Кіші Азия аудандарынан ыстық ауаның шығуымен байланысты. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс облыстары жоғары барийлік шұңқыр және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпалында болады. Осы өңірлерге Сібірден салқын және ылғалды ауа келеді, сондықтан мұнда кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр және осы мезгілге қалыпты ауа райына жақын температура сақталады", - деп хабарлады синоптиктер. Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, солтүстік облыстарға Кола түбегінде орналасқан антициклон тарамдары ауысып, жауын-шашын тоқтайды.
Kaz.tengrinews.kz
Kaz.tengrinews.kz