Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар темекіге қарсы екпе ойлап тапты

Ғалымдар темекіге қарсы екпе ойлап тапты

Скриппс институтының микробиологтары мен химиктері темекі шегуге қарсы арнайы вакцина ойлап тапты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ғалымдардың тышқандарға вакцина салу арқылы жүргізген зерттеуінің нәтижесінде үлкен құпияның беті ашылды. Олар денеге жекелеген ақуыздардың синтезін бақылайтын арнайы құрамды енгізу ағзадағы никотинді толығымен шығаруға ықпал ететіндігін анықтады.
Ғалымдар тапқан және өзгертілген NicA2 ферменті адамның немесе жануардың денесіне енетін никотинді толығымен бөлшектеп, абстиненция синдромы басталғанға дейін ағзадағы никотинді шығаруға қабілетті болып шықты.
Сондай-ақ, ғалымдар ағзаға әсер ететін ең тиімді нәтиже алу үшін NicA2-J1 ферментін жасады. Ол шылым шегетіндерге арналған вакцинаның алғашқы прототипіне қарағанда, никотинге тәуелділікті толығымен жоюға қабілетті.
Кеміргіштерге жасалған зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін ұзақ уақыт бойы никотин қосылған су ішкен тышқандардың өзгертілген ферменттердің арқасында никотинге тәуелділіктен толық емделіп шыққаны анықталды.

Stan.kz
19 қазан 2018 ж. 1 084 0