Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елге қайтуды қалаған: Үндістанда қатерлі дерттен емделген қазақстандық қыз көз жұмды

Елге қайтуды қалаған: Үндістанда қатерлі дерттен емделген қазақстандық қыз көз жұмды

Қазақстандық бойжеткен Диана Ыстыбаева Үндістанда көз жұмды. Ол шетелге емделу үшін барған еді. 

diana
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 
"Өкінішке қарай бойжеткен кеше қайтыс болды. Енді біз оның денесін мемлекет есебінен Қазақстанға жеткізу үшін барлық қажетті көмек көрсетіп жатырмыз", - деді ол.
Смадияровтың  айтуынша, Диана 23 жаста еді. Оған 6 жыл бұрын "Шынтақ буыны саркомасы" диагнозы қойылды. Иығына дейін қолын кескенімен, аурудан айығу мүмкін болмады. 
Диана анасымен, ағасымен бірге Делиге емделу үшін барды. Алайда шетелдік дәрігерлер оған көмектесе алмады.
Бұған дейін бойжеткен Қазақстанға қайтып оралғысы келетінін айтқан болатын.

28 мамыр 2019 ж. 892 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930