Құйымшақтың құдіретін білеміз бе
Иә, Құдайдың құдыретін сөз еткен қариялар: «Қиямет күні адам баласы қайта тірілген уақытында құйымшағынан бастап жаратылатын болады. Сосын, көлемі ат тұяғындай болатын жерден мыңдаған адам өніп шығады», – деп жиі айтып отыратын. Әңгімелеріне тұздық болсын дейді ме, әйтеуір атағы алты құрлыққа танылған Ескендір Зұлқарнайын жайлы қиссаны ауыздарынан тастамайтын. Ескендір өлер шағында нөкерлерін жинап алып, «мен өлген соң мүрдемді дүниеде ат тұяғы тимеген жерге апарып қойыңдар» – дейді. Бұйрықты екі етпей орындайтын уәзірлері әміршінің мәйітін ат түгілі адам аяғы тимеген үлкен бір таудың басына апарып жерлесе керек. Содан күндердің бір күнінде Ескендірдің анасы баласының басына барып, онымен тілдеспекші болып, тау жаңғыртып «Ескендір» деп айқайлайды. Бірақ, ешқандай жауап болмайды. Осылайша бірнеше рет қайталанғаннан кейін, кейуана «Әй, Зұлқарнайынның баласы Ескендір» деп шақырған уақытта Ескендір жауап берген екен. Анасы бұның себебін сұрағанында Ескендір Зұлқарнайын «мына жерде бір емес, бір мыңдаған Ескендірлер жатыр, соның нақты қайсысы екенін білмегендіктен алғашқыда үн қата алмадым, кейін әкемнің атымен шақырғанда ғана жауап бердім» деген екен. Әрине, бұл қиссаның анығын Алла біледі. Дегенмен, адам баласының тарихы құйымшақта сақталып, біздің құйымшақтан бастап қайта жаратылатынымызды ғалымдар күн өткен сайын дәлелдеп отыр.
Жалпы, адамның құйымшақтан түзілетінін түсіну үшін әуелі эмбриологиялық даму кезеңін қысқаша баяндап өткеніміз жөн болар. Эмбрионның даму кезеңі аталық (сперматозоид) және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан басталады. Бұдан зигота пайда болады. Келесі саты – «бөлшектену», яғни бір жасушалы зиготаның көпжасушалы ұрыққа айналу кезеңі. Осылайша, ұрық жатырдың шырышты қабығына енеді. Бұл жерде ұрық түйіні ұрық қалқанына айналады. Уақыт өте келе ол екі жапырақшаға (қатпар), яғни эпибласт (эктодерма) пен гипобластқа (эндодерма) бөлінеді. Негізгі үрдістер эпибласт ішінде өтеді. Эпибластың жасушалары белсенді түрде көбейе бастап, ұрықтың бас бөлігінен оның каудальды бөлігіне қарай көш түзейді. Олардың миграциясы эпибластың шеткі екі жағынан екі ағын түрінде байқалады. Жасушалардың бір бөлігі эпибластың ортасынан ерте қайта бастайды, қалғандары ақырына дейін жетіп, кері жылжиды. Жасушалар ағыны кездескеннен кейін, бір-бірімен араласпай, қатарласа ұрықтың бас бөлігіне қайтады. Осының нәтижесінде, эпибластың ортасында «алғашқы ұрық жолағы» деп аталатын жасушалар жиынтығы түзіледі. Ал, жолақтың алдыңғы бөлігінде «Гензен түйіні» деп аталатын «алғашқы түйін» пайда болады. «Алғашқы ұрық жолағынан» мезодерма түзіледі. Осылайша, эктодерма, эндодерма, мезодерма болып үш ұрық жапырақшасы қалыптасады. Ал бұл үшеуінен адамның барлық органдары мен ұлпалары түзіледі. Міне, осы органдардың қайнар көзі болған «алғашқы ұрық жолағы» мен «алғашқы түйін» бұдан кейін ең соңғы омыртқаға қарай тартылып, одан құйымшақ қалыптасады. Былайша айтқанда, қалыптасып жатқан адам жайындағы барлық ақпараттар ең соңында «чипке» айналып құйымшаққа орнатылады. Пайғамбарымыздың «адам құйымшақтан жаратылған» деуінің сыры да осы болса керек.
Тарихқа зер салатын болсақ құйымшақ арқылы өз тегін тапқандар да кездеседі. Мәселен, 1940 жылдардың соңына қарай Америкада мынандай бір оқиға орын алған. Америка сотына бала ерткен бір әйел келіп, қасындағы баланың қаншама жыл бұрын дүниеден озып кеткен бір байдың баласы екенін айтып, үлкен бір істің ашылуына түрткі болады. Әйелдің ниеті – байдан қалған байлыққа бұл баланың да мирасқорлық құқығы бар екенін дәлелдеп, өзіне тиесілі үлесін алу еді. Ол уақытта баланың тегін анықтап бере қоятын бүгінгідей ДНК дегеніңіз мүлдем жоқ кез. Содан дәрменсіз күйге түскен Америка құқықтық жүйесі амалсыз басқа елдің тәжірибесіне жүгінеді. Римнің, Грекияның, Қиыр Шығыстан бұл мәселе жайлы ешқандай мәлімет болмағасын кезекті делегациясын Түркияға да жібереді. Түркия басшылығы келген делегацияны сол кездегі Түркияның Бас Мүфтиі Өмер Насухи Билменге жөнелтеді. Делегация мұның себебін ұға алмайды. Десек те, бара салайық дейді.
Өмер Насухи Билмен Америкадан келген делегациядан әлгі өлген адамның сүйегі әлі күнге дейін бар ма, жоқ па, соны сұрайды. Олар да таңқалған күйі бар екенін айтады. Сонда Бас Мүфти әлгі өлген байдың құйымшақ сүйегінен бір жерді айтып, сол жерге баланың қанын тамызып көруді кеңес етеді. Егер құйымшақ қанды сорып, сіңіріп алса, онда бала сол адамнан туған, олай болмаған жағдайда, әйел өтірік айтқан болады дейді. Делегация мұның берген жауабына көңілдері толмай, кері қайтады. Себебі, Өмер Насухи Билмен бір дін адамы, ал бұлар жауапты медицина мамандарына күткен еді. Десек те, Өмер Насухидің ақылы делегация құрамында болған бір докторға тыныштық бермейді. Соңында мүфтидің пікірін қате, жаңсақ деп дәлелдеп шығып, жұртқа паш етуді ниет етеді. Осы мақсатта қабірді ашқызып, мүфти айтқан құйымшаққа әуелі өз қанын тамызады. Қан сіңбестен сүйектің үстінен ағып кетеді. Екіншісінде баланың қанын тамызады. Сол кезде әлгінің көзі шарасынан шығып кете жаздайды. Сүйек қанды сіңіріп алады. Мұны көрген ол таңданысын жасыра алмайды.
Бас мүфтидің америкалықтарға берген жауабына сол жерде табылған түріктер де таңқалып, мүфтиден бұл мәселені қайдан білгенін сұрайды. Өмер Насухи Билмен де әлгі құйымшақтың тек өз нәсілін ғана қабылдайтынын ұзыннан-ұзақ түсіндіріп береді. Әрі құйымшақтың маңызын, оны не істесең де жоя алмайтынын, тіпті, Қияметке дейін бұл сүйектің сақталатынын, әрі Қиямет күні адамның осы сүйектен қайта жаратылатынын әңгімелеп береді.
Ал, адам денесінің мүшелері ішінде осы құйымшақтың шірімейтінін Қытай ғалымдары былайша дәлелдеген екен. Олар құйымшақты қуатты радиоактивті сәуленің астында ұстаған. Сосын күшті химиялық қышқылдарға салған. Нәтижесінде адамның бұл сүйегін түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес деген қорытындыға келген. Ағылшын микробиолог-ғалымдарының да тәжірибелері осыны көрсеткен. Олар адам мәйітін 6000 градустық отта да өртеп көрген, -286 градус суықтықта да ұстап көрген. Алайда, бәрібір құйымшақтағы тіршіліктің белгілерін жою мүмкін емес болған. Демек, бұл зерттеулер де құйымшақтың шірімеуін ғылыми түрде дәлелдеп отыр.
Әлем ғалымдарының осындай зерттеулер жасап, қаншама уақыттарын жұмсаған еңбектерін біздің бабаларымыз ешқандай сынақ жасамай-ақ, білгені бізді қызықтырып отыр. Бәлкім, әрбір аңыздың артында бір ақиқаттың бары шындық шығар...
Е.Айтөреұлы.