Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүлдіршіндер сайысы

Бүлдіршіндер сайысы


«Тәрбие – тал бесіктен» демекші, жыл бойы балаларға арналған түрлі шаралар легі ұйым­дастырылуда. Соның бірі – аудандағы Ақ­тоты балабақшасында «Жігіт сұлтаны».

Шараға әр топ тәрбиеленушілері арасынан 5 жас бүлдіршін қатысты. Бес бөлімді қамтыған байқау барысында кішкентай сайыскерлер өз өнерлерімен көпшілікті таңқалдырды. Бүлдіршіндердің бірі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында түрлі жаттығуларды қимылмен көрсетсе, енді бірі «жігітке жеті өнердің де аздық ететінін» дәлелдеді. Тіпті балақайлар қол күресінен де жарысқа түсіп, мықтылығын көрсетті. Туған жер, отан, отбасы, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері сияқты тақырыптарға арналған сұрақтарға жауап берді. Бөбектер әр сайыс арасында әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, ата-аналары мен көрермендерді ыстық ықыласқа бөледі. Ұландардың өнері талапқа сай болды. Осылайша бүлдіршіндер өнерлерін ортаға салып, «Жігітке жеті өнерде аз» деген тақырыпта өткен сайысты айшықтай түсті.
Бал тілді балақайлар сайысында өнерімен оза шыққан «Жігіттің сұлтаны» Мирас Бақытбек бас жүлдені жеңіп алды. Одан кейін I орынға Ақәділ Оралов ие болса, II орынды Мейірман Оралбекке бұйырды. Ал III орынды Дамир Серік иемденді.

Ж.Нұрғалиева.
25 мамыр 2019 ж. 1 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031