Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Мәдениет министрі балаларға ғана арналған тегін пойыз шығаруды ұсынды

Мәдениет министрі балаларға ғана арналған тегін пойыз шығаруды ұсынды

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысында 2020 жылы барлық өңірге тегін қатынайтын балаларға арналған туристік пойыз жобасын таныстырды, деп хабарлайды Stan.kzтілшісі. 

AltСурет: railways.kz
Министр балалар мен жасөспірімдер туризмі бойынша ішкі көші-қон ағынын дамыту үшін KIDS GO FREE қағидаты бойынша балалардың тегін авиамаршруттарын субсидиялау жоспарланып отырғанын айтты. Оның пікірінше, мұндай тәжірибе халықаралық тәжірибеде кеңінен пайдаланылады және көптеген дамыған ел қолданады. Олардың арасында Ұлыбритания, Катар, Гаити, Скандинавия сияқты елдер бар. 
«2020 жылдан бастап барлық өңірде тегін «Балалардың туристік пойызын» іске қосу жоспарланып отыр. Басымдық әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, білім жарыстарының жеңімпаздарына, үздік оқушыларға және т.б. беріледі», - деп айтты Мұхамедиұлы.
Ведомтсво басшысы елдегі балалар-жасөспірімдер туризмін одан әрі дамыту үшін үкімет жанынан тиісті үйлестіруші кеңесті құру қажет екенін атап өтті. 
«Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ҚР үкіметі жанындағы балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құруға көмек көрсету жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз», - деді ол Асқар Маминге.
Естеріңізге сала кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған дейін Қазақстанда 15 жасқа дейінгі балалардың ұшақпен тегін ұшатынын хабарлаған еді. Аталған бағдарлама әзірленгенімен, әлі заң жүзінде бекітілмеген. 
21 мамыр 2019 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (8732)

18 қазан 2019 ж.

№80 (8731)

15 қазан 2019 ж.

№79 (8730)

12 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам