Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШҚО-дағы колледжде жаңа мамандықтар ашылды 

ШҚО-дағы колледжде жаңа мамандықтар ашылды 


Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы колледжде жаңа мамандықтар ашылды. Бұрын тек тракторшы-машинист, жүргізуші, жөндеу шебері даярланса, енді орманшы, көгалдандырушы, көкөніс өсіруші сияқты мамандар оқытылмақ. Өйткені бұл өңірде орман шаруашылығы көп. Бүгінде оқу орнында 140 студент білім алып жатыр. Жатақхана бар. Жұмыспен қамту көрсеткіші 95 процентке жетіпті. Биыл дуальді білім беру жүйесін қолға алып, оқу-тәжірибелік кешен ашу да жоспарланып отыр. Ол үшін материалдық базаны нығайту мақсатында облыстық бюджеттен 120 миллион теңге қарастырылып отыр. Райым Нұрғалиев, Бесқарағай колледжінің директоры: - Съезде көтерілген көп мәселе, бұл аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасыларды қолдау мәселесі болып отыр. Біздің студенттердің құрамы осындай саладан шыққан балалар. Біз осы балаларға келесі жылдан бастап тегін колледжің формасын енгізгелі жатырмыз. Соны тегін таратайық деп отырмыз. Әртүрлі деңгейдегі қолдау арқасында сапалы білімді мамандар даярлап, солар тікелей осы жергілікті экономиканы дамытуға үлес қосады деп біз ойлаймыз.

www.24.kz
12 наурыз 2019 ж. 1 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031