Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жолда қабылдау" акциясы жалғасады

"Жолда қабылдау" акциясы жалғасады


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аумақтық ішкі істер органдары Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен азаматтарды мобильді қабылдауды ай сайын жүргізетін болады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Іс-шаралар 17 және 18 мамырда өткізіледі. Полиция департаменттерінің басшылары, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің бастықтары «мобильді» қабылдау деп аталатын арнайы жабдықталған автобустарда азаматтар жаппай баратын жерлерде (орталық алаңдар, сауда-ойын-сауық орталықтарының маңындағы, МХҚКО және ХҚКО жақын маңдағы алаңдар) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді", - делінген таратылған ақпаратта. Сонымен қатар, "жедел желі" телефондарының жұмысы ұйымдастырылған, олар бойынша жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамасы мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап алуға болады. Мұндай колл-орталықтар іс-шаралар өткізілгеннен кейін де тұрақты негізде жұмыс істейді. Іс-шаралар өткізілетін жерлер мен «жедел желі» телефондарының нөмірлерін ІІМ ресми порталында жарияланады. 
Осындай акция осы жылдың 5-6 сәуір аралығында да өткізіліп, республика бойынша азаматтарды қабылдаудың 250 мобильді пунктілері жұмыс істеді. Екі күн ішінде "Жолдағы қабылдауға" шамамен 17,9 өтініш келіп түскен болатын. 

 
16 мамыр 2019 ж. 913 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031