Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада есту қабілеті ерекше 98 жастағы майдангер тұрады

Қызылордада есту қабілеті ерекше 98 жастағы майдангер тұрады

ÒÑзÑлоÑдада еÑÑÑ ÒабÑлеÑÑ ÐµÑекÑе 98 жаÑÑаÒÑ Ð¼Ð°Ð¹Ð´Ð°Ð½Ð³ÐµÑ ÑÒ±ÑадÑ
Қызылорда қаласында тұратын 98 жастағы соғыс және еңбек ардагері Ибрагим Нұрымбетов көптеген деректерді әлі күнге дейін күні мен сағатына дейін жатқа айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарт майдангер Жаңақорған өңіріндегі қарапайым отбасының шаңырағында дүниеге келді. Жастайынан өмірдің ауыр тауқыметін тартты. Ашаршылық жылдарында ата-анасынан көз жазып қалды. Қарындасы екеуі балалар үйінде тәрбиеленді. Есейген шағында Ташкент теміржол техникумына оқуға қабылданды. Сол жылдарда көптеген қиындықтарды бастан кешті. Киерге киім, ішерге тамақ болмаған сәттер де кездесті. 1941 жылы қараша айында соғыс даласына аттанғанда  20 жасқа енді келген еді. Майданға барған сәттен №99 кавалериялық полк сапында пулеметші болды. Артиллерия құрамында көптеген шайқастарға қатысты. «Ерлігі үшін» медалін, үшінші дәрежелі «Даңқ», екінші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерін кеудесіне тақты. 1945 жылдың ақпан айынан бастап Днестр, Тирасполь, Румыния жерлерін фашистік басқыншылардан босатты. Сондай-ақ, «За взятия Будапешта» медалі де бүгінде кеудесінде жарқырайды. 1947 жылы елге оралғаннан кейін еңбек жолын бастап бас есепші қызметін атқарды. Сондықтан шығар, бүгінгі күнге дейін есеп пен санға қатысты мәліметтерді жатқа айтады. Тіпті, ұл-қызының, немере-шөберелерінің туған күндерін арнайы блокнотқа жазып қойған. Күнделікті шығатын газет-журналдарды қалт жібермейді. «Мен бухгалтерлік курсты тәмамдап, еңбек жолымды бастадым. Бұл мамандық қашанда жауапкершілікті қажет етеді емес пе? Сондықтан есеп, санға қатысты деректерді ұмытпауға тырыстым. Бүгінгі күнге дейін оған үлкен жауапкершілікпен қараймын», - дейді ардагер Ибрагим Нұрымбетов. Ағамыз 1950 жылы өмірлік жары - Нәлшайыммен отау көтерді. Қырық жылдан астам тату-тәтті ғұмыр кешкен ол кісілер екі ұл, үш қыз сүйіп, оларды тәрбиелеп өсірді. Бүгінде балаларынан 20 немере, 27 шөбересі көріп отыр. Жеңіс мерекесіне орай қарт майдангерге жергілікті басшылық тарапынан құрмет көрсетілді. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев майдангер Ибрагим Нұрымбетовке арнайы барып, жергілікті жұртшылық атынан құттықтау лебізін білдірді. Сый-сияпат табыстады.   
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kyzylordada-estu-kabileti-erekshe-98-zhastagy-maydanger-turady_a3524956

10 мамыр 2019 ж. 658 0