Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғат аясына демала барғанда...

Табиғат аясына демала барғанда...


Мамыр айы жақындаған сайын табиғат аясында демалуды жоспарлайтандардың саны арта түседі. Бірі тауға барса, енді бір жағажайда демалғанды жөн санайды. Дегенмен, барлығын бір ғана сұрақ мазалайды: бұндай демалыс орындарына өзіммен бірге не алсам болады? 1. Тамақ: Тағамды талғамыңызға қарай таңдайтыныңыз анық. Дегенмен, тез бұзылатын тағам түрлерін пайдаланбағаныңыз абзал. Оның ішінде майонез қосылған салат, сүт өнімдері, паштет немесе бәліштер жатады. • Су мен шырын түрлері: газды сусындар, шырын болуы мүмкін. Бір күн бұрын, тоңазытқышқа салып, қатырып алсаңыз тіпті жақсы. Өзінің балғын дәмін ұзақ сақтайды. Термосқа ыстық шай немесе кофе құйып алсаңыз артық етпейді. • Көкөністер мен жемістер: бұлардың артық пайдалы әрі ұзаққа шыдамды тағам табылмасы анық. • Шұжық, ірімшік: барған бойда нанға қосып жеп алмасаңыз, күн ыстықта бұзылып кетуі әбен мүмкін. Үйден бутербродтар дайындап шыққан әлдеқайда тиімді болмақ. 2. Қосымша тұрмыстық заттар: • Жәндіктерден және күн көзінен қорғайтын жақпаймайлар артық етпейді. • Пышақ. Тамақтану кезінде артық қиындық тумауы үшін пышақ таптырмас көмекші екенін ұмытпаған жөн. • Ыдыс, соның ішінде пластик ыдыстарды қолданғаныңыз абзал. • Мангал. Егер кәуәп пісіру жоспарыңызда болса, мангалды ұмытпаңыз. • Сіріңке, әжетхана қағазы мен сүлгілер (қағаз). • Жеңіл төсек пен жамылғылар. Әрине, соңында қоқыс салатын арнайы қапты тексеріп қойыңыз. Демалыстан соң, айналаны жинап кету ең алдымен өзіңізге деген құрмет екенінін естен шығамағайсыз

massaget.kz
30 сәуір 2019 ж. 1 014 0