Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңге латын қарпімен айналымға шықты (видео)

Теңге латын қарпімен айналымға шықты (видео)


Теңге латын қарпімен айналымға шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап. 

Ұлттық банк таныстырған монеталардың бетіндегі «теңге» және «Қазақстан Респбуликасы» сөзі латын қарпімен жазылған. Темір ақшаның екінші бетіндегі елтаңбадағы «Қазақстан» жазуы да жаңа үлгіге сәйкес бедерленген. Металдың құрамы, салмағы мен көлемінде ешқандай өзгеріс жоқ. Ал, ескі және жаңа теңгенің бірдей қолданыста болатынын айтқан мамандар, барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға міндетті дейді.
Тоғжан Әбішева, Ұлттық Банктің Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы: - Жаңа монеталар бірте-бірте айналымға енеді. Ескісі де, латын қарпі жазылғаны да заңды төлем құралы саналғандықтан қолдануға шектеу болмайды. Монеталарды төлем терминалдары, монета қабылдағыштар мен паркаматтарға салғанда қиындық тумайды.

28 сәуір 2019 ж. 1 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30