Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыз бала тәрбиесі басты назарда!

Қыз бала тәрбиесі басты назарда!


Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. «Еліміздің тірегі – жастарымыз қандай болуы керек?» деген сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз.

Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауларында да ұрпақ тәрбиесін назардан тыс қалдырған емес. Ол: «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттерін, жоғары адамгершілік және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсеткен, ендеше ондай қоғам құру үшін сол қоғамның әрбір мүшесінің адамгершілігі мол, рухы биік болу керек.
Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ой-толғаныстар, пікірлер көп-ақ әрине. Дегенмен, тәуелсіздігімізді алғалы тәрбиеге байланысты пікірлеріміз ұлттық педагогикамызға негізделіп, ұрпақ тәрбиесі сөз болғанда ата-бабаларымыздан аманат болып қалған ұлттық салт-санамызға жүгінуге қорықпайтын болдық. Әрбір бала тәрбиесіне жауапты адамның міндеті оқыған-түйгенін зерделеп, шәкірттеріне жеткізу деп ойлаймын. Сондықтан, қазіргі тәрбие жүйесіндегі адамгершілік-жыныстық тәрбие бағыты бойынша жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілетін іс-шаралар №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның бірі 16 сәуір күні «Парасат» қыздар ұйымының жетекшісі Н.Абдуллаева, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.Қаражанова, медбике К.Әйтілеуовалардың ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларының арасында жыныстық тәрбие жөнінде дұрыс ақпарат беруді қамтамасыз ету мақсатындағы «Қыз бала тәрбиесі басты назарда!» тақырыбында өтілген семинар. Семинарда «Қыз тәрбиесі» тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп, баяндамалар оқылып, қыз бала тәрбиесіндегі келеңсіз оқиғаларға жол берілмеу туралы әңгімелеу жұмыстары жүргізілді. Медициналық білім алуға аудандық емханадан шақырылған арнайы мамандары акушер-гинеколог А.Қордашева, психолог М.Алимбекова, дәрігер Ә.Әбуова, Жастар денсаулығы орталығының маманы Ұ.Есенғариевалар қатысып, түсіндірме жұмыстары мен трениг сабақтар, сауалнамалар жүргізіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, түрлі ақпараттық кеңестер беріп, «Қыздарға пайдалы кеңес» жаднамалар таратты.Семинар соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Қалыбек қыздар тәрбиесінде орын алған қыз әдебі жайлы қазақи құндылықтар жайлы айта келе, әрбір баланың тәрбиесі ата-ананың да назарында болу керектігіне, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға болмайтындығын айтып, осы жүргізіліп жатқан шараның барлығы қыз баланы болашағының дұрыс болуы үшін, қателіктерге ұрынбай , өмірде өз бақытын дұрыс таңдау үшін жасалып жатқан тәрбиелік түсіндіру жұмыстары екенін айтып өтті.


М.В.Ломоносов мектеп-лицейінің ФБ парақшасынан.
28 сәуір 2019 ж. 1 524 0