Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңадан сатып алған телефонды 14 күн ішінде сатушыға қайтаруға болмайды

Жаңадан сатып алған телефонды 14 күн ішінде сатушыға қайтаруға болмайды


Жаңадан сатып алынған ұялы телефондарды енді бұрыңғыдай 14 күннің ішінде қайтаруға немесе айырбастауға болмайды. «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңға» осындай өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгеріс ең алдымен тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында жасалып отыр», - дейді Ұлттық Экономика Министрлігінің өкілдері. Толығырақ тілші материалында. Сойрқас Абдулрахман, қала тұрғыны: - Мен баста өзімнің ұялы телефонымды қолданып жүрдім.  И менің достарым жаңадан шыққан қытайлық бір телефонды мақтап жіберді маған. И маған ол қызықты болды және де мен сол сотканы алып көрдім. Маған бұл сотка ұнаған жоқ. 24 сағат қолдана алған жоқпын мен бұны. Еш кедергісіз айырбастадым. Ал енді сіз сатып алынған жаңа смартфоныңызды бұрыңғыдай 14 күннің ішінде айырбастауға немесе қайта өткізе алмайсыз. Себебі «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңның 30-бабына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, яғни қалта телефондары мен гаджеттер кері қайтаруға немесе айырбастауға болмайтын тауарлар тізіміне енді. Айжан Бижанова, Ұлттық экономика министрлігі сауда қызметін дамыту департаментінің директоры: - Тұтынушы жаңа смартфон сатып алғанда міндетті түрде оның қорабын ашып көреді, тексереді.  Ал, біраз күн өткен соң,кейбіреулер түсі немесе моделі ұнамай  қалды, деп қайта  өткізетін. Мұндайда қуақы сатушы ол тауарды басқа біреуге сату үшін ондағы барлық мәліметтерді өшіріп, қораптың қаптамасын қолдан жасап, пайдаланылған тауар екенін жасыруға тырысады. Демек, екінші тұтынушы ұтылады.  Әрине егер де тауар өндіруші тарапынан сапасыз болып шықса, онда еш кедергісіз айырбастауға құқыңыз бар. Ал басқа жағдайда «жеті рет өлшеп, бір рет кесуге» тура келеді.  Блиц: - Енді ұялы телефондарды барлығын анық-қанығына көз жеткізіп, барлығын тексеріп алып барып алған дұрыс. Бұл заңды мен әлі естімеген екенмін. Бұдан былай білетін боламын. Бүгінде ұялы телефондар барлық мәліметтерді сақтай алатын жоғарғы технологиялық құрылғы болып табылады. Сондықтан оны 5-10 күн болса да пайдаланып, қайта өткізудің өзі қауіпті. Өшпей қалған мәліметтеріңіз өзгенің қолында кетіп қалуы әбден ықтимал. Заңға еңгізілген өзгертулер осындай жағдайлардың алдын алуды көздейді дейді сарапшылар. 

www.24.kz
26 сәуір 2019 ж. 1 895 0