Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Атырауда болашақ сарбаздар әскери өмірдің қыр-сырымен танысты

Атырауда болашақ сарбаздар әскери өмірдің қыр-сырымен танысты



Атыраулық болашақ отан қорғаушылар әскери өмірдің қыр-сырымен танысуға мүмкіндік алды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының сардарлары өскелең ұрпақты отансүйгіштік тәрбиеге баулу мақсатында оқушы балалар мен колледж, жоғары оқу орындарының студенттерін қазіргі заманғы қару-жарақ түрлері және әскери техникалармен таныстырды. Бозбалалардың көпшілігі әскери бөлімге тұңғыш рет келгендіктен көріп білгендері де өте әсерлі болды.  Әскери бөлім сарбаздары да өз білгендерін үйретті. Болашақ отан қорғаушыларды ерекше қызықтырған нәрсе қазіргі-заманғы қару-жарақ түрлері. Мұнда отандық және шетелдік соңғы үлгідегі автоматты қарулар көрсетілді. Жасұлан Сатыпалдиев, Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бөлім басшысы: - Елбасшысының жарлығына сәйкес  қазіргі таңда жас сарбаздарымыз болашақта отанын қорғауға аттанып жатыр. Осыған сәйкес қазіргі таңда жүргізіліп жатқан науқан ҚР Қарулы Күштерінің қатарына командалар жасақталып, жастарымыз медициналық комиссиядан өткізіліп қазіргі таңда  шақыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Барлық іс-шарамыздың жалпы мақсаты жастарымыздың әскеріміздің қарулы күштерінің мәртебсін көтеру мақсатында ұйымдастырылған.
www.24.kz
26 сәуір 2019 ж. 981 0