Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ілияс Жансүгіровтің бұрын жарияланбаған еңбектері жарық көрді 

Ілияс Жансүгіровтің бұрын жарияланбаған еңбектері жарық көрді 

ÐлиÑÑ ÐанÑүгÑÑовÑÑÒ£ бұÑÑн жаÑиÑланбаÒан еңбекÑеÑÑ Ð¶Ð°ÑÑÒ ÐºÓ©ÑдÑ

Алматы облысында қазақтың құлагер ақыны Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде орналасқан ақын ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Осы қасиетті қара шаңырақта ақынның ұрпақтары мен ілиястанушылардың және әдебиет зерттеушілерінің қатысуымен «Жансүгіров тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Баяндама жасаушылар жыр дүлдүлінің шығармалары мен еңбектерін тіл білімі ғылымы тұрғысынан зерттеу мәселесіне үңіліп, оның ағартушылық қызметіне, педагогикалық идеяларына тоқталды. Бізге мәлім және беймәлім Ілиястың шығармалары кеңестік кезеңдегі цензураның кесірінен жарық көрмей, жоғалып кеткені белгілі. Бір қуанарлығы, соңғы жылдары біршама еңбегі табылып, қайта жарияланды. Бүгінгі шараға жиналған меймандарға сол шығармалар да таныстырылды. Алдағы уақытта Алматы облыстық әкімдігінің қаржылай қолдауымен ақынның 25 томдығы жарық көреді. Мұратбек Иманғазинов, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі: – Айталық Ілияс Жансүгіровтің репрессияға ұшырауына байланысты еңбектері жоғалып кетті. Оның ішінде «Рүстем қырғыны», «Мұзқала», «Исатай-Махамбет» пьесасы, сонымен бірге «Мақпал» туындысының біреуі бар, біреуі мүлдем жоқ. Сол кітаптардың бірқатарын енгізіп отырмыз.

www.24.kz
25 сәуір 2019 ж. 1 041 0