Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан ЖОО-ларды аккредиттеу талаптарын жаңартпақ

Қазақстан ЖОО-ларды аккредиттеу талаптарын жаңартпақ

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі X Орталық Азия халықаралық форумында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты.



Спикердің айтуынша, Еуропалық жоғары білім кеңістігінде білім сапасын қамтамасыз етуге арналған ESG стандарттары қайта қаралып жатыр. Жаңартылған құжат жобасында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға да назар аударылған.
– Қазақстан ұлттық аккредиттеу тәсілдерін ESG-дің жаңа редакциясына сәйкестендіруі керек. Ол үшін аккредиттеу агенттіктерінің стандарттарын, ЖОО-лардың ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптарды және сыртқы бағалау рәсімдерін жаңарту қажет. Бұл жұмыс агенттіктермен, ЖОО-лармен, студенттермен және жұмыс берушілермен диалог негізінде жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз, – деді Талғат Ешенқұлов.
Сонымен қоса, вице-министр университеттерді цифрландыру, жасанды интеллектіні қолдану және білім сапасын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері Еуропалық жоғары білім кеңістігінде тұрақты талқыланып келе жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық ЖОО-ларда ChatGPT Edu енгізілетіні хабарланды.
02 қазан 2026 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031