Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Колледж студенттері ерледі

Колледж студенттері ерледі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылар арасында «Жастар» жылы аясында бокстан облыстық ашық біріншілік өтті. Жарыста Шиелі индустриалды-аграрлық колледж студенттері өзгелерге есе жібермей, жеңіс тұғырынан көрінді.
Еліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ Қазақстан халқының сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекетін жасауда. Бұл қамқорлықтан әлеуметтік салалар әсте шет қалған жоқ. Білім, мәдениет, өнер, спортқа жасалған жағдай да жақсы. Соның айғағындай облыс көлемінде түрлі спорттық шаралар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, өткізілуде. Осындай жарыстарда аудан жастары белсенділік танытып, сайыстарда орындарға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінуде. Бокс спортына баулып, қыр-сырын меңгертіп, жетекшілік көрсетіп жүрген жаттықтырушысы Базарбай Алданазаровтың үмітін арқалап, додалардан шәкірттері жеңіске жетуде.
Бұл жарыстың негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында боксты одан әрі дамыта отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортшылардың шеберлігін арттыру, жас ұрпақты достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке баулу еді. Аталған спорттың түрі өтетін орынға жанкүйерлер де көп жиналды. Бұл боксқа деген құрмет пен қошеметтің деңгейін аңғартса керек.
Жарыс қорытындысы бойынша, 81 келіде Әли Жұмаш II орынды иеленсе, 64 келіде Нұрдәулет Раушанбеков III орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, 49 келіде Бақдәулет Ташимов, 56 келіде Мағжан Қалданов, 60 келіде Бақдәулет Амангелдиев III орында тұрақтады. Облыстық сайыста өзара салмақта өнер көрсетіп, бақ сынасты. Жеңіске жеткен спортшыларға медальдар мен дипломдар салтанатты түрде табысталды.

Ж.Қауғанбаева.
09 сәуір 2019 ж. 1 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930