Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани жаңғыру – еліміздің даму бағдары

Рухани жаңғыру – еліміздің даму бағдары


Аудандық «Арман» мәдениет үйінде аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы, доцент Гүлмира Әшірбекова кездесу ұйымдастырды. Жиынға дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округтің мұғалімдері, аудан жастары, үкіметтік емес ұйым қызметкерлері қатысты.Жыл басынан бері аудан тұрғындарына түрлі бағытта рухани жаңғыруды насихаттау, түсіндіру мақсатында мамандарды шақыртып, кездесулер, семинар-тренинг өткізіліп келеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтырылып, атқарылып жатқан істер оң нәтижесін беріп, бүгінгі таңда ел мүддесінен шығып жатыр. Рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. Мақалада ел дамуындағы басым бағыттардың діңгегі ретінде сапалы білім туралы да айшықты айтылған болатын. «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу біздің қанымызда бар қасиет» деп көрсеткен Тұңғыш Президент Н.Назарбаев мақаласында. Сондай-ақ, қандай жағдай болса да, ең басты мәселе бәсекеге қабілеттілік екендігі баса айтылған.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өңірде «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік маңызды жобасы аясында «Рухани жаңғыру – еліміздің даму бағдары» тақырыбы сәрсенбі күні өткен кездесуге арқау болды.
«Рухани жаңғыру» мақаласы мемлекеттік салалардың с­­­апалық тұрғыдан жаңаруына негізгі іргетас болатын идеялық тұғырнама екендігіне осынау шарада көз жеткіздік. Қазіргі күнде ұлттық құндылықтардың барлығы қайта жаңғыртылып, сақталуда. Ұлт жос­парын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес – жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп, білім мен тәрбие беруді жаңаша құру. Сонымен қатар, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологиялармен білім беру жүйесін енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар мен жеткен жетістіктер сөз болды. Жиынға қатысушылар Гүлмира Шайтмағанбетқызына сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
30 наурыз 2019 ж. 862 0