Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемде қалай дұрыс тамақтану керек?

Көктемде қалай дұрыс тамақтану керек?


Көктемде табиғат қана емес, адам ағзасы да тазара бастайды. Ағзада жасушалар жаңарады. Сондықтан адам әлсіреп, иммунитеті төмендеп, дәрумендерді қажет етеді. Қыстағы тойымды рационды көктемде қандай құнарлы асқа ауыстыру керек? Диетолог Арай Әміре кеңес берді.
  • Наурыз айының үшінші аптасында рационды жеңілдету керек. Мысалы, ет жеуді азайтқан жөн. Көкөніс, жеміс-жидектерді көп пайдаланып, сорпа ішу керек. Ал майды азайтқан жөн.
  • Көктемнің алғашқы 1,5 айында спиртті ішімдіктерден мүлдем бас тартыңыз. Ол ағзаның тазару процесін бұзып, жаңа жасушалардың өсуіне кедергі келтіреді.
  • Сүт өнімдерін аз пайдалану қажет. Бірақ айран ішуге болады.
  • Алма сіркесуының жарты ас қасығын салаттарға араластырып жеуге болады. Ол ағзадағы ішек микрофлораларын жақсартады. Ағзадағы калийдің теңгерімі реттеледі.
  • Аскөк, ақжелкен сияқты көкөністі көп тұтынған дұрыс. Рационға смузи, күнзе (кориандр) қосуға да болады. Олардың орнын жазға қарай қарбыз бен баялды баса алады.
  • Суды көп ішіңіз. Көбірек қозғалып, жүгіруді қолға алсаңыз, ағзадағы қыстан қалған токсиндер термен шыға бастайды. Сауна мен моншаға жиі барыңыз.
Көктемде мына тағамдарды күнде пайдаланса, ағзада дәрумен жетіспеушілігі болмайды.
брокколи,  ашытылған  қырыққабат,
апельсин,
пияз,
сәбіз,
рукола.

baribar.kz
28 наурыз 2019 ж. 1 434 0