АҒЗАДАҒЫ ДӘРУМЕННІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІН ҚАЛАЙ БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ
Авитаминозды болдырмау үшін дұрыс тамақтануды мұқият бақылап, ағзада жетіспейтін дәрумені бар тағамдармен байытып отыру қажет.
Ағзада қандай дәруменнің жетіспейтіндігі өзі белгілі болады, не болмаса оны сипатты белгілері арқылы біле аласыз.
Белгілері: көздің көру қабілетінің нашарлауы, әсіресе түнгі мезгілде; терінің құрғауы, қышуы; шаштың құрғақтығы және сынғыш келуі.
Не жетіспейді: А дәрумені (ретинол).
Оның міндеті:
– көру қабілетінің, сондай-ақ тері мен шырыш қабығының қалыптасуына қатысады;
– сүйек, тырнақ пен шаштың өсуіне мүмкіндік береді;
– адамның өзге тітіркендіргіштерге қарсы тұра білу қабілетін жақсартады;
– жасушаларды қайта туудан сақтайды.
Не тұтыну қажет: сәбіз, цитрусты жемістер, сары май, бауыр, жұмыртқа, балық майы. Ретинол майды еріткіш қасиетке ие, сондықтан да майсыз бәрі бекер екенін ұмытпаңыз. Сонымен қатар ол ауадан қатты қорқады, ал жылы өңдеуге шыдас берері анық.
Белгілері: толассыз суық тию, варикоз, қан тамырлардың қызаруы, мұрын мен қызыл иектің қанауы.
Не жетіспейді: С дәрумені (аскорбин қышқылы).
Оның міндеттері:
– инфекцияға төзімділікті күшейтеді;
– қан тамырларды қатайтады;
– уланудан сақтайды;
– жасушалардың қартаюын болдырмайды.
Не тұтыну қажет: цитрусты жемістер, аскөк, жидектер, итмұрын, шырғанақ, ашытылған қырыққабат. Аскорбин қышқылы ауада және темірмен әрекеттескенде бұзылып, ал температуралық өңдеу кезінде тек қана ащы ортада ғана сақталатындығын есте сақтаңыз.
Белгілері: зат алмасудың бұзылуы, апатия, бұлшықет әлсіздігі, әлсіздік, бедеулік, бастың жиі ауруы.
Не жетіспейді: Е дәрумені.
Оның міндеттері:
– жасушалардың қартаюына әкеп соқтырады;
– жүрек бұлшықетін қатайтады;
– радиацияның зиянды әсерін азайтады;
– репродуктивті жүйені қорғайды.
Не тұтыну қажет: бауыр, жұмыртқа, өсімдік майы, жаңғақ, күнбағыс дәні, алма, алмұрт және бұршақ тұқымдастар.
Белгілері: сүйектердің босаңсуы, тістің бұзылуы және түсуі, артрит
Не жетіспейді: D дәрумені
Міндеттері:
– сүйекті қатайтады;
– қан айналымды жақсартады.
Не тұтыну қажет: сүт, жұмыртқа, майлы балық, нәлім бауыры. Күн дәрумені де майды еріткіш қасиетке ие және майды жақсы көреді. Сондай-ақ ол жылытқанға төзімді, бірақ ауа мен жарықты ұнатпайды.
Белгілері: жаман түс, көңіл-күйдің жоқтығы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, шаштың түсуі және тырнақтың сынғыштығы.
Не жетіспейді: В тобының дәрумендері (В1, В2, В3, В4, В5, В6, В7, В9, В12).
Міндеттері:
– жүйке жүйесі жұмыстарын жақсартады;
– ой қызметін жақсартады;
– зат алмасу процесін реттейді;
– тері, шаш және тырнақты сауықтырады.
Не тұтыну керек: бауыр, жұмыртқаның сарысы, бұршақ тұқымдастар, ашытқы, брокколи және асжапырақ.
В тобы дәрумендерінің сіңірілуіне қант, кофе, ішімдік және темекі кедергі келтіреді.
Белгілері: қан тамырларының ұсақтығы, денеде көгерген жердің пайда болуы, тез шаршаңқылық, аяқтағы ауырсынулар.
Не жетіспейді: Р дәрумені
Міндеттер:
– қан тамырларын қатайтады;
– С дәруменінің сіңірілуіне және жинақталуына мүмкіндік береді;
– ағзаның инфекцияларға төзімділігін жақсартады.
Не тұтыну қажет: цитрусты, өрік, қара шетен, бүлдірген, қарақат, шай, кофе, шарап және сыра. Р дәрумені – өте нәзік, жарық, ауа және жоғары температура, су тисе жойылып кетеді.
Белгілері: артық салмақтың болуы, безеу, майлы тері, жүректің айнуы.
Не жетіспейді: N дәрумені (липоидті қышқыл).
Міндеттері:
– бауырдың дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;
– ағзадан зиянды заттарды шығарады;
– қандағы холестерин құрамын азайтады;
– зат алмасуды реттейді.
Не тұтыну қажет: сиыр еті және бауыр, сүт, қырыққабат. Липоидті қышқыл майсыз еш жерге жарамсыз. Ағзадан көп мөлшердегі көмірсулар арқылы шығарылады.
Белгілері: қан кету, соның ішінде ішкі.
Не жетіспейді: К дәрумені
Міндеттері:
– қан айналымды жақсартады;
– жараның жазылуын жеделдетеді.
Не тұтыну қажет: жұмыртқаның сарыуызы, бауыр, асқабақ, қызанақ, жасыл бұршақ. К дәруменінің негізгі белгілері май ыдыратқыш, сондықтан майсыз сіңірілмейтіні анық.
Дәрумендердің тәуліктік тұтыну нормасы адамның жасына, жынысына, дене және ақыл-ес белсенділігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар түрлі дәрумендерді ағза түрлі қабылдайтынын да ескерген орынды. Мәселен, А және D артық қордаланып, ағзада жата беруі мүмкін. Дәрумендердің шамадан асуы авитаминоздан да жаман екенін ескеру қажет.
Бірқатар дәрумендер (К, В3, В6) ішекте аз мөлшерде синтезделеді, сол себепті олардың жетіспеушілігі байқалмай жатады.
Және де ағзадағы маңызды процестер бір уақытта бірнеше дәрумендердің араласуынан да туындап жатады. Мәселен А, С және Е дәрумендерінің араласуы қартаюдан және қатерлі аурулардан қорғауға көмектеседі.
Күнделікті тұтыну мөлшері үйлесімді және сәйкестендірілген болуы тиіс. Сол кезде өнімдердегі дәрумендер құрамы да денсаулық пен көңіл-күйді жақсы сақтауға мүмкіндік береді.
http://reactor.inform.kz/