Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тері неліктен тез қартаяды?

Тері неліктен тез қартаяды?

Тері ағзаны сыртқы ортаның әсерлерінен (қысым, үйкеліс, жарылу, соққы) қорғайтын дененің сыртқы жабыны. Ұзақ сақталатын, құрамында бояулар мен қоспалар қосылған, ащы және тұзды тағамдар теріні «тоздырып», ажарын бұзады. Тері ағзаға түскен радиоактивті заттар мен ауыр металдардан көп зардап шегеді. Бұл терінің тез қартаюына жол береді. Сондықтан А, Е, С, РР дәрумендері бар тағамдар мен жеміс-жидектер (көк шөптерден салат, сәбіз, қызанақ, қызыл жидек, бал мен көк шай) теріні құрғап кетуден сақтайды, ультракүлгін сәулесіне қарсы тұрады. Балғын жемістерден жасалған шырындар әжім түспеуге көмектеседі. Ал бет терісі босаса Н дәрумені бар тағамдарды (жаңғақ, жұмыртқаның сарысы, бауыр, сүт) пайдаланған жөн. Теріге түскен жарақат тез жазылмайтын болса, онда сіздің ағзаңызға ақуыз жетіспейді. Ақуыз балық, тауық және үндік еті, үй жағдайында дайындалған ірімшіктерде көп болады. Ол ағзадағы жасушаларды жаңартатын аминқышқылға бай келеді. Дұрыс тамақтанбау, ішімдікті көп ішу, сондай-ақ психологиялық күйзеліс те терінің ерте қартаюының негізгі себебі болып табылады.

Massaget.kz
03 тамыз 2018 ж. 2 750 0