Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күмбірле, киелі домбыра!

Күмбірле, киелі домбыра!


Наурыз мерекесі қарсаңында М.Шоқай атындағы орталық алаңда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Домбыра-думан» ойын-сауық кеші өтті.

Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын жастар арасында кеңінен насихаттауды мақсат еткен шараға ауданның өнерлі жастары жиналды. Думанды жиынды «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Б.Өтебаев ашып беріп, барлық өнерпаз жастарды Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. Аталмыш шараны орталықтың кеңесшісі Ы.Қаппаров жүргізді.
Жиналған өнерпаз жастар күмбірлеген күй тартып, әннен шашу шашты. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Асылым ДҮЙСЕНБАЙ.

21 наурыз 2019 ж. 2 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930